Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ерекше әлемдік рекорд орнатылды. Ел тарихында тұңғыш рет көлемі 16x8 метр болатын Мемлекеттік Ту дронның көмегімен әуеге көтерілді.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Әлемдік рекорд орнату мақсатында арнайы тігілген бұл ту шамамен 60 келі. Салмағы 120 келі жүк көтере алатын арнайы дрон туымызды Павлодар қаласындағы басты сахна «Ertis Promenade» үстімен алып өтті. Игі бастаманы ұйымдастырған «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы.

Замира Солтанова, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының басшысы

Жалпы павлодарлықтар болып тарихи сәтке куә болдық.16 метрлік туды жоғары көтеріп, әлемде болмаған рекордта кіріп жатырмыз.Шыны керек қазір толқып тұрмыз. Себебі біз тарихты жаңғыртып жатырмыз.

Ерекше талаптардың бірі — әуеге бір ғана дрон ұшырылуы тиіс болды. Бұған дейінгі ұқсас рекордтар бірнеше төрт дронның көмегімен жүзеге асырылған еді. Павлодарда қолданылған дрон – бірегей, өнеркәсіптік мақсатта жасалған құрылғы.

Бұл жоба тек әлемдік рекорд орнатумен шектелмей, ұлттық бірлік пен қазақстандық патриотизмнің жарқын символына айналды.

Дильназ Қуанышбекқызы