Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келді. Ол «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептің ашылуына қатысты. Тілшіміз жалғастырсын.

Достық мөлтек ауданындағы мына №48 мектеп Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Мектептің бұрынғы білім ошақтарынан айырмашылығы көп. Алдымен аумағы жағынан 15-20 пайызға үлкен, техникалық жабдықталу жағы заманауи, стем зертханалар, хореография залдары, робототехника кабинеттері, шығармашылық шеберханалар бар. Жаңа білім ошағының ашылу салтанатына ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың өзі қатысты.

Ғани Бейсембаев, ҚР оқу-ағарту министрі

Қадірлі қауым, ұстаздар. Бүгінгі сіздермен қауышқаныма шын жүректен қуаныштымын. Мемлекет басшысы тапсырмасымен 217 мектеп салынды. Ауылдық жерлерде де осындай мектептер бой көтеріп жатыр. Жабдықталғанын көретін боласыздар.

1200 оқушыға арналған жаңа мектеп – цифрландыру, инклюзивтілік және кеңістікті көпфункционалды пайдалануға қойылатын барлық талаптарға сай келетін заманауи үлгілік білім ордасы болмақ. Мектеп 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушыларға толыққанды білім беруді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда ғимаратқа жаңа жиһаздар, цифрлық құрылғылар мен интерактивті технологиялар жеткізілуде.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Қымбатты балалар, құрметі ата аналар, ұстаздар. Баршаңызды білім күнімен құттықтаймын. Ел Президенті жстарға үндеу жасады. Павлодар қаласында бой көтерген білім ошағы Мемлекет басшысының маңызды, ауқымды бастамаларының бірі.

Мектептің салтанатты ашылу рәсімінде мектеп табалдырығын аттағалы отырған кішкентай балақайлар дәстүрлі өлең шумақтарын оқыды. Айта кетейік, мектепке 170-ке жуық бірінші сынып оқушысы қабылданды.

Білім ошағына балаларын оқуға берген ата аналар да ортаға шығып, алғысын білдіріп жатты. Оқушылармен қатар ата аналар үшін де бұл күн ерекше толқыныс пен қуанышқа толы.

Толғанат Милатқызы, ата-ана

ҚР Президентіне зор алғымызды білдіреміз, ұстаздарға қажымас қайрат, мықты денсаулық, оқушыларға зейіндері артып, мықты бір ізденісті тілеймін. Мықты бір азамат болып өсуіне тілектеспіз.

Ашылу рәсімнің кезекті бөлігінде салтанатты түрде жаңа мектепте алғаш рет алғашқы қоңырау соғылды.

Салтанатты ашылудан кейін мәртебелі меймандар мектептің ішін аралады. Білім ордасы инклюзивтілік пен жалпыға бірдей қолжетімділік қағидаттарына сай жобаланған. Ғимарат пандуспен, лифтпен, тактильді бағыттағыштармен, жарықтық белгілермен, сахнаға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Ғани Бейсембаев, ҚР оқу-ағарту министрі

Биылғы оқу жылының үлкен жаңалықтарының бірі бұл жасанды интеллектіні сапалы білім саласына енгізу. Бірінші рәжірибені елеп ескеріп отырып, мұғалімнің қағазбастылықтан арылту. Бұл бағытты үлкен жұмыс жасап отырмыз. Жұмыстар жасалып жатыр.

Айта кетейік, ел бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынды. Оның аясында 450 мың оқушы жаңа мектеп табалдырығын аттайтын болады. Сонымен қатар, 1300 мектеп реновацияланып, елдегі 8 мың мектеп осындай деңгейге көтеріледі.

Самал Қалиқызы