Екібастұз қаласында учаскелік полиция инспекторлары кәсіби мерекесін атап өтті. Конституция күнімен тұспа тұс келген мерекелік шарада, үздік инспекторлар марапатталды. Тілші сюжетінде.

Екібастұз қаласында Ата Заңымыздың 30 жылдығы мен учаскелік полицейлер мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Алдымен қала әкімі Аян Бейсекин құттықтау сөзінен бастады.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Құрметті учаскелік инспекторлар, жерлестер! Конституция күнімен, кәсіби күнімен құттықтаймын. Халыққа ең жақын, полиция қызметкерлері учаскелік полицейлер. Сіздер тәулік бойы қауіпсіздігін қамтамасыз етудесіздер. Үлкен талап қойылады, жауапкершлікң жүктеледі. сіздер ант пен адалдықтың айқын көрінісі болуларыңыз қажет.

Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтап, елдің алаңсыз тыныш ұйқысы үшін сап түзеп жүрген азаматтар марапатқа ие болды. Оның ішінде Екібастұз қаласының алдында сіңірген еңбегі үшін төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Осылайша учаскелік инспекторлардың абыройы асқақтады.

Қайрат Кенжекеев, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі

Ішкі істер органдарында 2006 жылдан бастап жұмыс істеймін. 5 жыл бойы, 2019 жылдан бастар учаскелік инспектор болды. Тілейтінім зор денсаулық, мол бақыт, Отанымыз тыныш болсын.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Самал Қалиқызы