Екібастұзда Шахтер күні мен «Шығыс» көмір кенішінің 40 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Еңбеккерлерге концерттік бағдарлама ұсынылды, үздіктер марапатталды.

Екібастұзда Шахтер күні дәстүрлі түрде қала тұрғындарының асыға күтетін мерекелерінің біріне айналды. Бұл кәсібилерге арналған дата ғана емес, жұмысы үлкен тәуекелмен, асқан батылдықпен және тыңғылықты жауапкершілікпен байланысты жандарды құрметтейтін күн. Биыл үздіктерді марапаттауға ерекше көңіл бөлінді.

Артынша мемлекет басшысы атынан марапаттар тапсырды. Сондай-ақ, Камал Алшынбаевқа пәтер кілті табысталды.

Екібастұзды абаттандыру жалғасады

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Басты жобалардың бірі Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы саябақты жаңарту. Бұнда жалпы ауданы 830 шаршы метрді құрайтын жаяу жүргіншілер аллеясын орналастыру, ыңғайлы орындықтар мен заманауи шамдарды орнату жоспарлануда. Одан әрмен аймақ басшысы аулаішілік жөндеу жқмыстарымен танысты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Екібастұз қаласының абаттандыру деңгейіне қазір көңіл толады. Көптеген инфрақұрылымдық мәселерге қарамастан жақсы жұмыстар жүргізілді. Ең бастысы қаланың аулаларын жарықтандырдық. Еліміздің энергия отанында 2023 жылға дейін жарық болмады. Қазір бұл мәселені біртіндеп шештік. Шамамен енді аулалардың 30 проценті қалды.

Екібастұзды абаттандыру мәселелерін кешенді түрде шешу алдағы екі жылда аяқталады деп жоспарлануда. Дегенмен, бүгінде қалада жол төсемінің сапасына қатысты мәселелер әлі де көп. Аталған жобаларды жүзеге асырумен қатар Екібастұз қаласының жеке секторын абаттандыруға да көңіл бөлінетін болады. Қазіргі уақытта мұндағы негізгі мәселелердің бірі инженерлік желілер болып отыр.

Жанасыл Серікбол