Кеменгер ауылында Конституция күніне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік жиын аясында ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар түрлі аталым бойынша марапатталды. Толығырақ әріптесім тарқатсын.
Биыл Қазақстан Конституциясына 30 жыл. Ата заңымыздың мерейтойына орай өңірде түрлі мерекелік және танымдық шаралар ұйымдастырылуда.
Самал Айтқазина, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары
Бүгінгі таңда Павлодар ауданы кеменгер ауылында. Ата заңымыздың 30 жылдығына орай үлкен бір іс шара өткізіп жатырмыз. Бұл жерде бүкіл Павлодар ауданының апуылдарынан келіп үлкен салтанатты шараға қатысып отыр. Осы шарда 30 жыл бойы. Конституйия қабылданғаннан бері елдін дамуына үлес қосқан жандарды облыс әкімінің және аудан әкімінің марапаттарымен марапаттайтын боламыз.
Конституция халықтың тең құқығын қамтамасыз етіп қана қоймай, әрбір азаматтың білім алуына, денсаулығын сақтауға, еңбек етуіне және лайықты өмір сүруіне кепілдік береді. Осыған байланысты Кеменгер ауылында бірнеше азамат марапатқа ілікті.
Асылбек Вакпаев, Кемеңгер ауылдық округінің әкімі
Биыл Конституциямызға 30 жыл толып отыр. Ата заңннын арқасында конституциямыз алға басып отыр. Алдағы күндеріміз жақсы болсын Қазақстан Республикамыздің туы биікте болсын. Жақсы күндеріміз көп болсын.
Айта кетейік, Конституция күніне орай өңірде 700-ден астам іс-шара өтті.
Байтұрсын Жұмабай