Ақтоғай ауданында мектепке дейінгі білім беру кеңістігі тағы бір заманауи нысанмен толықты. Ақтоғай ауданы бүлдіршіндерге жаңа балабақша есігін айқара ашты.Арнамыздың түсірілім тобы ашылу салтанатына куә болып қайтты.

 «Ақ бота» бөбекжай-балабақшасының «Балдәурен» атты жаңа корпусының ашылу салтанатына аудан әкімі, ардагер ұстаздар мен бүлдіршіндер қатысты. Аудан тұрғындары бұл балабақшаның ашылуын көптен күтті.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі

Заман талабына сай салынған осы балабақшада тәрбиешілер мен педагог мамандар жас бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына бар жағдайды жасайды деп білемін. Мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік тілде оқытатын 4 топ жұмыс істеп, арнайы бейімдеу мамандары логопед, музыка жетекшісі, педагог-психолог, балаларға қызмет көрсететін болады. Бұл балалардың ерте жастан жан-жақты дамуына мол мүмкіндік береді. Егемен еліміздің ертенің тәрбилейтін мамандар, жаңа ұжым қызметкерлері сіздердің еңбектеріңіздің маңызы айрықша зор.

Балабақшалардың басты міндеті – бала тәрбиесінде бірінші базалық білім мен патриоттық тәрбие беру. Заман талабына сай жабдықталған «Балдәурен» бақшасына келетін бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына үлес қосатын тәрбиешілердің де еңбегі зор.

Сандуғаш Нығманова, зейнеткер

Мен қуаныштымын осындай бізде Ақтоғай ауданында жаңадан балабақша ашылғанына. Кезінде кішкентай балаақша ғана болғанбыз, қазір үлкейіп жатыр. Ауылымызда үлкен, қазір балабақша көп керек ғой. Сондықтан үлкейіп жатыр, жақсы.

40 орынға арналған бұл балабақша сәби жүректерге сәуле шашар шуақты шаңырақ. Кең әрі жарық бөлмелері балаға жайлы болумен қатар, заманауи талаптарға толық сай келеді. Балалардың ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамытуға арналған түрлі оқу-ойын құралдары орнатылған.

Назгүл Мейрамбай, «Балауса» тобының тәрбиешісі

Міндетті түрде біз балаларды ұлттық құндылықтарға, Отансүйгіштікке баули отырып, көрнекіліктерді пайдаланмыз. Әртүрлі қызығушылығына байланысты ғой. Мысалы сурет саламыз, нешетүрлі мүсіндер жасаймыз, қол моторикасына байланысты.

Ал , ата-аналар бұл бөбекжайда білімді әрі саналы ұрпақ өсіп шығатынына сенімді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен бас¬талуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.

Қымбат Садық