Павлодар облысында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2026 жылға дейін барлық ауылдарға кіреберіс жолдар толығымен асфальтталады. Осылайша өңір жолдарына 100 пайыз тас жол төселеді. Бұл жөніндегі бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Бұған қоса күн тәртібінде қандай мәселелер қаралды. Толығырақ Әйгерім Тоқпанқызың әңгімесінде.

Мемлекет басшысы 2026 жылға дейін ел аумағындағы барлық жолдарға 100 пайыз асфальт төсеуді тапсырған еді. Бұл меже өңірімізде бүгінде 83 пайызға орындалды. Келер жылы 31 елді мекеннің кіреберіс және ауыл ішілік жолдары жөнделеді. Осылайша, облыс аумағындағы елді мекендердің жолдары толықтай асфальтталады. Бұл жөнінде аппараты жиында басқарма басшысы айтты.

Қанат Қашкиров, Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Облыстық маңызы бар жолдар бойынша жалпы ұзындығы 78 шақырым болатын 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстарға 3,8 млрд теңге бөлінді. Аудандық маңызы бар жолдар бойынша ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 6 жоба қолға алынған. Жобалардың жалпы құны – 2,4 млрд теңге. Елді мекен көшелерін жөндеу бағытында, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында, 76 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы ұзындығы – 200 шақырым, бөлінген қаражат көлемі – 12,6 млрд теңге. Сонымен қатар, 31 елді мекенге кіреберіс жолдарды жөндеуге арналған 25 жоба іске асырылып жатыр.

Жалпы қазір өңірде 116 жобаның 86-сы аяқталып, 300 шақырым жол пайдалануға берілді. 26 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Жалпы орындалған жұмыс көлемі – 83 пайыз. Алайда кейбір аудандарда жұмыс баяу жүруде. Мәселен, Железин ауданында 9 нысанның үшеуі ғана аяқталған, төртеуінде жұмыс жүріп жатыр, екі жобада әлі жұмыс басталмаған. Жалпы орындалу деңгейі — 50 пайыз. Тереңкөл ауданында жұмыстардың орындалу көрсеткіші 40 пайызды құрайды. 4 нысанның 1-еуі аяқталған, қалған 3 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Асайын Байханов жол жөндеу мәселесін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін баса айтты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Жалпы 31 елдімекенге кіре беріс жолға биыл асфальт төселеді ғой. Солай ғой. 31 ауыл қалды 2026 жылға. 31 ауыл қалды ғой. Сол 31 елдімекенді тізімін беріп, көрсетіңіздер. Қай елдімекенде жол жөндеу жұмыстары шешілмеген Жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталмаған өйткені бұл жұмыс өте маңызды. Қалған 31 ауылды .. толықтай 100 пайыз қамтуымыз керекпіз.

Бұдан кейін жиын эпидемиологиялық маусымға дайындық мәселесіне арналды. Бұл туралы басқарма басшысы есеп берді. Биыл өңірге тұмауға қарсы вакцинация жүргізу үшін 80 сың доза вакцина сатып алынды.

Иран Шаметеков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Эпидемиологиялық маусым қыркүйекте басталады. Ағымдағы маусымда облыс халқының жалпы санының 11-12 пайыз вакциналау жоспарлануда. Ең алдымен тәуекел топтарына жататын адамдарға тұмауға қарсы вакцинамен жүргізіледі. Ол келесі топтар вакциналар орталықтандырыған түрде самрұқ фармация арқылы сатып алынады. Жүзеге асырады.

Аймақта эпидемиологиялық маусымға дайындық шаралары басталып кетті. Қыркүйек айынан бастап тәуекел тобына кіретін тұрғындарға тұмауға қарсы екпе егу жоспарланып отыр. Жалпы халықтың 11-12 пайызына вакцина салу көзделген.

Әйгерім Тоқпанқызы