Конституция күні Павлодар ауданы Бірлік ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Мұнда жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Асайын Байханов қатысты. Толығырақ шараның куәгері болып қайтқан тілші әңгімесінде.
412 тұрғыны бар Бірлік ауылында бұрын сонды мектеп болмаған. Балалар көрші Заря ауылына мектеп автобусымен барып білім алатын. Халықтың сұрауымен және облыс әкімдігінің қолдауымен бой көтерген жаңа ғимаратта 85 шәкірт білім нәрімен сусындайды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бүгін Бірлік ауылына тарихи, ерекше, қуанышты, тарихи күн. Біз заман талабына сай, жайлы толық жабдықталған жаңа мектептің ашылу салтанатында басқ қостық. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев білім саласына ерекше көңіл бөлуі осында игі істерден көрініс табуда. Бірлік мектебі осы бағыттағы нақты нәтеженің бірі. Баршамызға берген уәдеміз тек сөз жүзінде ғана емес нақты іспен орындалғанына қуаныштымыз. Өйткені халықтың сенімі біздің теікелей жауапкершілігіміз. Қолдау үшін алғысымызды білдіреміз.
Айта кетейік, заманауи мектепте шағын орталықта бар. Оған 20 бүлдіршін барады. Ал ұстаздар қауымы жас мамандар. Құрылысы сәуір айында басталған нысан заман талаптарына сай салынған.
Көлтай Калелханұлы, бірлік ЖОББМ директоры
Бір ерекшелігі мында бірыңғай тек жас мамандар келіп отыр. Біразы конкурспен өткен. Енді осы Заря ауылында жұмыс істейтін мұғалімдер. Бұл ғимарат осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Тамыз айының аяғында аяқталып отыр.
Осы күнге дейін жаңбырлы күзде, қытымыр қыста ауылдан 3 шақырым жерде орналасқан Заря ауылына барып оқыған оқушылар үшін бұл көптен күткен қуаныш.
Амангелді Аспандияр, бірлік ЖОББМ 9-сынып оқушысы
Бүгін жаңа мектеп ашылуда. Мен соған қуаныштымын. Баяғыда Заряға барып автобуспен оқитынбыз. Қазір жаңа мектепте оқимыз. Жаңа технология. Жаңа кабинеттер. Соған қуаныштымын.
Даяна Қобылан, бірлік ЖОББМ 11-сынып оқушысы
Мен өте қуаныштымын біздің Бірлік ауылында жаңа мектеп салынып, ашылып жатқанына. Баяғыда бізге ыңғайсыз болған. Көрші ауылға барып оқитынбыз. Бұл мектепте бәрі бар. Осы жаңа мектепте бітіріп жатқанымызға.
Салтанатты ашылуынан кейін келген меймандар білім ошағының ішін аралап, арнайы кабинеттердің жұмысымен танысты. Айта кетейік бұдан бұрын Аққулы ауданы Тілектес ауылында және Ертіс ауданы Бұланбай ауылында осындай шағын үлгідегі мектептер бой түзеп, халықты қуанышқа бөледі.
Әйгерім Тоқпанқызы