Екібастұз қаласынан 75 шақырым қашықтықтағы Мәшһүр Жүсіп кесенесіне дейін веложорық ұйымдастырлды. Ол академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орайластырылды. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Бұл бастаманы Екібастұз қаласының құрметті азаматы Жұмағали Қоғабай көтерген. 28 шілде күні, таңғы сағат төртте екібастұздық бір топ жастар, белсенді азаматтар, спорт жанкүйерлері және Жұмағали Қоғабай 75 шақырымдағы қасиетті мекен Ескелдіге велосипедпен жолға шыққан. Веложорықтың академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналуының өзіндік айқын себебі бар.Бұл Мәшһүр ата мен Қаныш Сәтбаев арасындағы рухани сабақтастықты көрсетеді. Әрі бастама көтерген ақын биыл 75 жас мерейтойын атап өтпек.

ЖҰМАҒАЛИ ҚОҒАБАЙ, АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ

Академик Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдығына арнап отырмыз. Онымен бірге Алла жазса 1 қарашада 75 жасқа толамын. 75 жасқа 75 км жүріп өтсем, қалай болады екен деген ой келді. Осы сәуір айында баспадан Сәтбаевтар әлемі деген кітап шығарғанмын. Онда естеліктер, Қанышқа әсер еткен туыстары, ағалары туралы тың деректер бар. Сол кітапты Мәшһүр Жүсіп кесенесінің музейіне тапсыру, сондай-ақ, жастарды салауатты өмір салтына дәріптеу, Қаныш Сәтбаевтің өмірін таныстыру осындай мақсат алға қойған

Ал веложорықта арнайы маман, спорттық велотуризм орталығының жетекшісі өз нұсқаулығымен бөлісті. Мұнда қатысушыларға ұзақ арақашықта шаршамау жолдарын айтты.

АНАТОЛИЙ ПЫРЛИК, «8 МИЛЯ» СПОРТТЫҚ ВЕЛОТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Міне, қаладан басталған веложорық жақсы өтуде. Қатысушылар ипподромға келіп тоқтап тұр. Барлығының жағдайы жақсы, шаршамады. Нұсқаулықты, ережелерді ескеріп келеді

Жалпы саны 20-дан астам адам қатысты. 75 шақырымды бағындырған олар музейді аралап, тың деректермен таныса түсті. Сондай-ақ, қатысушылар жеткен олар алған әсерлерімен де бөлісіп, мұндай шараның маңыздылығы зор деді.

ДӘУЛЕТ ЗӘКӘРИЯНОВ, ВЕЛОЖОРЫҚ ҚАТЫСУШЫСЫ

Екібаста осындай академик Қаныш Сәтбаевқа арналған велошеру өткізіп жатыр деп естіген соң Павлодардан қатысуға келдім. Осындай жарыстар өтіп тұрса, мен міндеттіт түрде қатысуға дайынмын

Айта кетейік, Екібастұз-Ескелді бағытындағы мұндай веложорық алғаш рет өтті. Шара алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім бар.

Қымбат Садық