Павлодар медициналық авиациясы жаңа жабдықтар алды. Құрылғылар Павлодар 103 базасында қызметкерлерге жақынырақ таныстырылды.Ары қарай тілші әңгімесінде.

Облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін қызметке жаңа көлік инкубаторы мен қан газдарының портативті анализаторы берілді. Жалпы құны 50 миллион теңгеге жуық екі медициналық аппарат демеушілер есебінен сатып алынды.

Айта кетсек, осы жылы 60 тан астам маман қызметтік даму мақсатында шет елге білім алу мақсатында жіберілген.

ОЛЕГ КОСТЕНКО, «ЕРТІС КӨМЕК” ҚОҒАМДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осы жылы неонатолог мамандарды оқыту жобасы іске асырылды. Оған қоса реанимация саласындағы медицина қызметкерлері де жобаға кірді. Бұған 30 миллион қаржы жұмсалды.

Статистика бойынша, өткен жылы 373 өтінім пысықталған, бұл ретте 100 жағдайда салмағы 700-ден 1500 грамға дейінгі сәбилерді тасымалданған. "Epoc" портативті анализаторы жаңа туған нәрестелермен жұмыс жасауда жиі қолданылады. Бұл Шала туылған нәрестелерге .. немесе ауыр жағдайларды жедел диагностикалау үшін қажет.

ДАСТАН ҚАЙМОЛДА, НЕОНАТАЛДЫ САНАВИЯЦИЯ ДӘРІГЕРІ

Жыл сайын Павлода облысында 100ден астам мерзімнен бұрын туылған балалар өңірлерде туып жатады. Ол жедел түрде болуы мүмкін. Сондықтанда біздің көмегіміз маңызды, сонымен қатар жаңа құрылғылардың арқасында біз осындай балаларды аман есен, жағдайының ауыр болғанына қарамастан облыс орталығына тасымалдауға бізге үлкен көмек тигізеді.

Медициналық авиация қызметкері атап өткендей, жаңа туған нәрестелерге арналған көлік инкубаторы да, қан газдарын портативті талдау да олардың жұмысында өте қажет.

ДАСТАН ҚАЙМОЛДА, НЕОНАТАЛДЫ САНАВИЯЦИЯ ДӘРІГЕРІ

Жаңа құрылғының өзіндік қажетті бізге аса маңызды жақтары өте көп. Ең алдымен ол бір емес екі баланы бір уақытта тасымалдауға мүмкіншілік береді, екіншіден ол балаға қажетті тыныс алу терапиясын қатар екі балаға беру мүмкіндігі. Үшіншіден аппараттың жаңа болғаны..

Әрине, сәбилермен жұмыс істеуде ең бастысы - біздің медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі Алайда, олардың техникалық қару-жарағының жаңа әрі ыңғайлы болуы, жұмыс тиімділігі мен сапасын одан әрі арттырады деген үміттеміз.

Салтанат Бауыржанқызы