Өрт – тілсіз жау. Одан сақтанудың жалғыз жолы қауіпсіздік ережелерін ұстану. Сонымен қатар, өрт сөндіру күштерінің сақадай сай болуы да маңызды. Осы мақсатта Ертіс және Ақтоғай аудандарының өрт сөндірушілері бірлескен тактикалық жаттығу өткізді.
Ертіс ауданының ТЖ бөлімі Ақтоғай ауданының ТЖ бөлімімен бірлесіп, шекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіру кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оған Павлодар облысы ТЖД бірқатар өрт сөндіру бөлімдері, сонымен қатар, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері қатысты. Қарақұдық және Қожамжар ауылдық округтерінің өртке қарсы еріктілер құрылымы да ат салысты. Жалпы оқу-жаттығуға 13 бірлік техника мен 40 жеке құрам жұмылдырылды.
ТІЛЕГЕН ТАУ, 15 - ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Бүгінгі командалық штабтық оқу-жаттығу жиынынң мақсаты Ақтоғай және Ертіс ауданы шекарасындағы өртті сөндіру. Бұған өрт сөндірушілер, орман шаруашылығы және еріктілер бөлімдері қатысы.