Президент Әкімшілігі келісімімен, облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен Маликова Айгүл Қайыртасқызы Павлодар облысы әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол ішкі саясат, мемлекеттік тілді дамыту, дін, мәдениет, білім және спорт салаларына жетекшілік етеді. Жаңа орынбасарын бүгін өңір басшысы облыс активі алдында таныстырды.

Айгүл Мәлікова, 1976 жылы туған. 2 жоғары білімі және саясаттану магистрі дәрежесі бар. Еңбек жолын ол 1997-2008 жылдары Павлодар қаласының мектептерінде мұғалім, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып бастаған. Ал 2008 жылдан мемлекеттік қызметте. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филилалының атқарушы хатшысы болып еңбек етті. Өңір активімен болған жиында өңір басшысы жаңа орынбасарына міндеттерін жүктеді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі ел болашағы жастар. Сондықтан жастармен кездескен кезде көптеген өзекті мәселелер айтылған болған еді. Оларды барынша зерделеп, іске асыру үшін нақты ұсыныстар енгізу қажет. Жаңа оқу жылына дайындық. Балаларымыздың құқықтарын қорғау, қатаң бақылауға алынсын. Сондай-ақ мәдениет және спорт саласындағы нысаналы көрсеткіштерді тиесінше орындалу тиіс. Ол күнделікті сіздің жұмысыңыз болады. Алдағы барлық мерейтойлар жоғары деңгейде өтіп, .. көшпенділер ойындарына да қатысуымыз керек. .. бағытталады деп сенемін. /

Бұдан кейін, жаңадан тағайындалған орынбасарына қызметінде сәттілік тілеп, жұмысқа білек сыбана кірісуді тапсырды.

Сабина Жолдасбаева