Ертіс пен Семей телеарналарының 60 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатқан «Жидебайдан – Жасыбайға» атты арнайы телеэкспедиция ұйымдастырылды. Топ ұлы Абайдың 180 жылдығына орай қазақ әдебиетінің тағы бір заңғар тұлғасы — Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған Бөрілі ауылына ат басын тіреді. Мұнда орналасқан музей – тек бір адамның емес, тұтас ұлт руханиятының айнасы.

Мұхтар Әуезовтің музей-үйі 1987 жылы жазушының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған. Сол жылдан бері бұл шаңырақ тек тарихи мекен ғана емес, келушілерге ой салар өнеге орнына айналып үлгерген.

Гүлзат Тәңірберген, М.Әуезов музейінің бас маманы

Енді М.Әуезовтың мында ең құнды жәдігері осы Алматыдағы музей-үйінінен 87 жылы осы Бөрілі музейі ашылғанды қызы Ләйлә әкелген әлем әдебиетінің алтын қорына кірген 200 том.Одан кейін міне өзінің 56 жылы мұратқа алтын мұрам мұратайға айтты кітабы.Ең құнды жәдігерлеріміздің бірі.

Бұл үй – Мұхтар Әуезовтің балалық шағының ізі қалған қара шаңырақ. Қаламгер алғаш рет қазақтың кең даласын танып, ой-санасын қалыптастырған осы Бөрілі. Музей ішінде Мұхаңның өзі пайдаланған заттар, шығармашылығына қатысты деректер, сирек суреттер мен естеліктер молынан жинақталған. Заманауи мультимедиалық құралдармен жабдықталған бұл нысан қазір туристер жиі тоқтайтын, Жидебайға баратын жолдағы рухани аялдамаға айналған.

Гүлзат Тәңірберген, М.Әуезов музейінің бас маманы

Биыл міне осы таяу арады 24 жылы 64 жасқа келегн. Мақсатымыз жас ұрпаққа ұлы тұлғаларды насихаттар. Сол ғой басты міндетіміз. Биыл Абай атамыздың 180 жылдығы келе жатыр.Енді келегн қонақтардың бәріне таныстыруымыз басты міндетіміз.

«Жидебайдан – Жасыбайға» экспедициясы ұлы даланың ұлы есімдерін дәріптеуге арналған сапар. Мұхтар Әуезов туған Бөрілі сол есімдердің бастауы. Ал музей өткен мен бүгінді, тарих пен тағылымды жалғаған алтын көпір.

Дильназ Қуанышбекқызы