Павлодар облысында кітапхана мен мұрағат жүйелерін цифрландыру жобалары белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуді және мәдени инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейді. Цифрлық жүйеге көшкен материалдар саны жыл санап артуда.Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар облысындағы кітапханалар саны 225-ті құрайды. Оның ішінде 206-сы ауылдық жерлерде орналасқан. Интернет жүйесіне қосылған кітапханалар саны — 198, оның 179-ы ауылдық елді мекендерде. Алайда кейбір шалғай ауылдарда әлі күнге дейін интернет желісі қолжетімсіз.

Шолпан Шахметова, С.Торайғырова атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы

2025 жылы тек ғана бірінші жартыжылдықта тек Ақтоғай ауданында Жаңатап ауылында интернет желісіне қосылды. 27 ауылда интернет желісіне қосылмаған. Тұрғындар виртуалдық қызмет ала алмайды. 100 пайыз интеренет кеңістігіне қосылған кітапханалар жүйелері Железин, Ертіс, Павлодар, теренкөл, Успенка, Павлодар қаласының және Екібастұз қаласының аймағындағы кітапханалар. Ал қалған ауылдарда интернет қосылмаған. Бұл цифландыруға үлкен кедергі жасап тұр.

Цифрландырудың басты бағыттарының бірі — электронды кітаптарға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл процесс 2006 жылдан бастап қолға алынған.

Цифрландыру аясында 70-тен астам веб-ресурс жасалды, оның 59-ы өлкетану бағытында. Бұл платформаларда 13 000-нан астам цифрланған материал орналастырылған, оның ішінде 5 000-нан астамы өлкетану кітаптарының электронды нұсқалары. Павлодар облысының Бірыңғай онлайн-кітапханасында 4 146 сирек және өлкетану басылымы бар. Сонымен қатар, Павлодар облыстық баспасының цифрлық банкінде өңірлік газеттердің алғашқы нөмірлерінің 20 000-нан астам электронды нұсқасы ұсынылған.

Мұрағат жүйесін цифрландыру да белсенді жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың бірінші жартысында 167 071 мұрағаттық іс цифрландырылды. Бұл жалпы қордың 15%-дан астамын құрайды. Барлық цифрлық көшірмелер сапа тексерісінен өтіп, «Бірыңғай электронды мұрағат» ақпараттық жүйесінде тіркеліп жатыр.

Бахыт Смаков, Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағатының басшысы

Бірыңғай электрондық мұрағат" бұл көпфункционалды платформа, ол тізімдер мен қорларды жүргізуге, бірліктерін сақтауға және мұрағаттық анықтамаларды электрондық форматта ұсынуға арналған. Жүйеге қазірдің өзінде ішкі пайдалану үшін және болашақта арнайы порталдар арқылы сыртқы қолжетімділікке ұсынылатын 60 000 мұрағат бірлігі енгізілген. Біз жай ғана мәліметтерді енгізіп қоймаймыз, мұрағаттың цифрлық құрылымын құрамыз әрбір бірлік қорлармен жүйелі түрде байланыстырылған. Бұл пайдаланушыларға ұсынылатын мұрағаттың бірыңғай цифрлық кеңістігі.

«Бірыңғай электронды мұрағат» — қор сақтап басқаруға арналған платформа. Қазір жүйеде 60 000 бірлік бар, олар ішкі қолданыста. Болашақта арнайы порталдар арқылы сыртқы қолжетімділік те жоспарланған.

Дильназ Қуанышбекқызы