«Жидебайдан – Жасыбайға» телеэкспедициясы Абай атамыздың мәңгілік мекені — Жидебайда болды. Қазақ руханиятының асқақ шыңы саналатын бұл мекенде хәкім Абай, інісі Оспан, сондай-ақ Шәкәрім Құдайбердіұлы мен ұлы Ахат жерленген. Мұнда орналасқан Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені — ұлттың рухани бірлігін, тарихтың тағылымын айшықтайтын қасиетті орын.
Мемориал тұжырымдамасының өзегінде — қазақ халқының дүниетанымын жан-жақты ашатын дәстүрлі космогониялық түсініктер жатыр.Кешеннің ұзындығы — 200 метр, ені — 65 метр, ал биіктігі — 5 метр. Бұл кең ауқымды платформа Абай мен Шәкәрімнің жерлеу орнын біртұтас идеял біріктіріп тұр.Олардың ара қашықтығы — 140 метр. Платформа үш деңгейден тұрады. Әрбір деңгей — қазақ мифологиясындағы Жоғарғы, Орта және Төменгі әлемді бейнелейді.
Лаура Күзембаева, Абай музейінің маманы
Бұл кесене Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты салынған.Ақтаудың ат тасынан арнайы келіп салынды.Бұл кесененің авторы Бек Ибраев.Оң қол жақтарыңызда Абай інісі Оспамен жерленген.Сол қол жақтарыңызда Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Ахатпен жатыр.Қазір біз 6 метр биіктікке көтерілеміз. Алып кемеге тәрізді.
Жидебай — тек тарихи мекен емес, қазақ руханиятының темірқазығы, ұлттың ұлы тұлғаларына тағзым ететін орын. Абай мен Шәкәрімнің мұрасы — мәңгілік.Бұл қасиетті кешен — өткен мен бүгінді жалғап тұрған, келешекке жол сілтейтін мәдени мұнара іспетті.
Дильназ Қуанышбекқызы