«Жұмысышы мамандықтар жылына» орай еңбегі ел көзіне түсе бермейтін мамандар жайлы айтамыз. Алайда, олардың жұмысы болмаса жұртшылықтың өмірі, барлық салалардың қызметі алға баспайды. Кейіпкеріміз Железин ауданының тұрғыны Сергей Свинцов.
Таңертең шағын лездеме. Жұмысқа тапсырма алу. Сосын белгіленген орынға жедел жету. Сергей Свинцов, желілік құрылымдардың 7-ші санатты электр монтері. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамында 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Көбінесе серігі екеуі байланыс жүйесінің зақымдануын, жүйедегі ақауларды қалыпқа келтірумен айналысады.
Сергей Свинцов, желілілік құрылымдардың электромонтёры
Железинкада дүниеге келдім. 2010 жылдан бері «Қазақтелекомда» жұмыс істеймін. Оған дейін «Теплокоммунэнерго» мекемесінде жұмыс істедім. Дәнекерлеуші-электрик мамандығы бойынша орта арнаулы білім алдым. Сосын әскерге кеттім. Онда байланысшы болдым. Сосын міне осындамын. Жұмыс қызықты, өзіме ұнайды...работа разнообразная, интересная.
Жұмыс кейде қиын болуы мүмкін. Әсіресе төтенше жағдайларлар болып, соны қалыпқа келтіру кезінде. Сергей ондай жағдайларда да қажып көрген емес. Мамандығының қаншалықты маңызды екенін түсінеді.
Сергей Свинцов, желілілік құрылымдардың электромонтёры
Қар мен жаңбырда да, суықта да жұмыс істейміз. Таңғы жеті сезіз жарымнан кешкі бес жарымға дейін жұмыстамыз. Бес күндік жұмыс. Сенбі, жексенбі демалыс. Алайда, шұғыл жағдайларда шақырту түсе береі. Қазір байланысссыз өмір жоқ қой. Мен әскерде жүрген кезде интернет енді пайда болып жатты. Қазір интернетсіз өмірді елестету қиын. Жедел жәрдем, полиция бәрінің жұмысы интернетпен байланысты. Сондықтан, осы жұмысты істеудемін.
Сергей Свинцов мемлекеттен жекеменшікке дейінгі барлық құрылымдардың тұрақты жұмысы оның қызметіне байланысты екеніне сенімді. Жастарға оқу, еңбек ету керектігін айтады. Оның ішінде қарапайым мамандық қоғамға аса қажет екендігін сезінсе дейді.
Мурат Абилмажит