Павлодарда классикалық шахматтан «Ертіс үміттері-2025» атты балалар кубогының 5 кезеңі өтіп жатыр.Турнир 8 тамызға дейін жалғасады. Толығырақ сюжетте.
Қазақстанның 13 аймағынан келген 240-тан астам жас зияткер 10 және 14 жасқа дейінгі санаттар бойынша бақ сынауда. Бұл – олардың ғана емес, еліміздің шахмат болашағының айнасы.Турнирге төрелік етуге еліміздің түкпір-түкпірінен тәжірибелі мамандар келіп отыр. Солардың бірі – Түркістан облысынан келген Асхат Шотаев.
Асхат Шотаев, төреші
Түркістан қаласы Кентау қаласынан келіп тұрмын.осы жарыста төрешімін.Мен Павлоадр қаласындағы чемпионатқа алғаш келіп тұрмын.Төрт жылдай болды осы балаларды дайындап жүргеніме. Жалпы өте жақсы ұйымдастырылыған.
Шахмат – төзімділік пен тәртіпке баулитын спорт. Мұны кішкентай шеберлер жақсы түсінеді.
Ерсайын Сұлтан, қатысушы
Мен Астана қаласынан келіп Павлодар қаласына шахматқа турнирға қатысып жатырмын. Мен бүгін Летникого мен ойнадым.
Альмира Дәулетова, қатысушы
Мен Алматыдан апаммен келдім. Мен жарысқа қатысып жатырмын. Бәріңе сәттілік тілеймін.
Жас дарындар үшін бұл турнир тек жүлде үшін емес, дамуға арналған алаң. Айта кетейік, 8 тамыз күні сағат 16:00-де турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Жеңімпаздар марапатталып, келесі кезеңге жолдама алады.
Дильназ Қуанышбекқызы