Баянауыл ауданында білімнің қарашаңырағына айналған үш мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Солардың бірі – 1975 жылы іргетасы қаланған Егіндібұлақ ауылының мектебі. 50 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу жасалып жатқан білім ордасы туралы Қымбат Садықтың материалынан көрейік.
Егіндібұлақ ауылындағы мектеп 120 балаға арналған, қазір 75 бала білім алады. Білім ошағына 50 жыл болса да, бұған дейін күрделі жөндеу болмаған. Құрылыс жұмысынан бөлек, материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында мектеп толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталады.
Төлеген Ахаев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы
Жалпы бұл мектепте 12 оқу кабинеті бар. Оның барлығы заманауи жаблықпен жабдықталады. Қазіргі таңда барлығы келіп жатыр. Тамыз айының 10-ыкүні толық аяқталады, негізгі аяқталу мерзімі тамыз айының 20-сы. Бірақ ерте аяқтаймыз деген уәде беріп отыр. Бүгінгі таңда әйнек-терезелері, едендері, төбесі, есік алдын абаттандыру барлығы заманауи.Бірінші қоңырауға келген біздің балаларымызға дайын болу үшін жақсы жасалып жатыр деп ойлаймын.
Мектептің жөнделуін тұрғындар көп күтті, енді міне тиісті жұмыстар аяқталуға жақын. Осылайша балалар жаңа оқу жылын талапқа сай жөнделген білім ордасында бастайды.
Төлеген Ахаев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы
Ауылдың алтын бесігі мектеп ғой. Мектеп жақсы болса, барлығы сай болса , оның ішінде мұғалімдер барлығы толығымен болса әрине ауылдан халық кетпейді. Сондықтан барлығы осы халық үшін жасалып жатыр.
Бұл ғимарат 1975 жылы бой көтерген еді. Ауқымды жұмыс барысында шатыр ауыстырылып, жаңа терезелер орнатылуда. Едендер мен қабырғалар қайта сыланып, электр және жылыту жүйелері түгел жаңартылып жатыр. Мұның бәрі – оқушылардың жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына бағытталған игі бастама.
Жасұлан Жұматаев, учаске бастығы
Мектеп 50 жыл болғандықтан электр , отоплениясы нашар болды. Бұрынғы замандағы батареялардың барлығы осы жерде болды, олардың барлығы толығымен ауыстырылды. Жұмыс барысында кровля дейміз сол аяқталды,әйнектер, есіктер сыртқы фасад толығымен аяқталды.
Мердігер ұйым жұмысты сәуір айының басында бастаған. Жұмысшылар саны жеткілікті, техника бар, қажетті материалдарда толығымен сатып алынған. Бұл мақсатта 216 мл теңге жұмсалды.
Жасұлан Жұматаев, учаске бастығы
Бізде енді жалпы жобалар өте көп болды.Капитальный ремонт, мектеп, больница деген сияқты көбін істедік. Рынокта жүргенімізге 10 жылдан астам уақыт болды. Өте күрделі жұмыс болғандықтан оны шапшаң, тез аяқтауға мақсат қойдық. Соған ақырын жетіп келе жатырмыз.
Қазір мұнда әрлеу, мектеп алаңын абаттандыру қалды. Осылайша ауыл балалары жаңа мектепте оқу жылын бастайды.
Қымбат Садық