Ертіс променад алаңында ашық аспан астында отандық фильмдер көрсетілімі басталды. 4-10 тамыз аралығында кешкі сағат 17.00 бастап үлкен экраннан кинолар ұсынылады. Онда сондай-ақ, «Жамбыл», «Боксер», Қажымұқан» туындыларын тамашалауға болады.

Бүгін Ертіс променад алаңында 2022 жылы премьерасы болған «Дос-Мұқасан» фильмі көрсетілді. Сценарий бойынша еліміздің әйгілі вокалдық аспаптық «Дос Мұқасан» тобының құрылуы, шарықтау шегі, жеңістері мен жеңілістері көрсетілген.

Асхат Шотаев, Кентау қаласының тұрғыны

Павлодар қаласына қыдыруға шықтық жағажай жақсы, бізге ұнады. Суы тыныш. Павлодар қаласы тап таза , жап жасыл. Былтыр күзде келгенбіз күн суық болды, биыл жазда келдік. Ауа райы өте қатты ұнап тұр. Мынау жағажайжа кино көрсетіліп жатыр. Сол киноны тамашалап тұрмыз қазір.

Ашық аспан астындағы кинотеатрды қала тұрғындары мен қонақтары құптап отыр. Ауа райының қолайсыздығы болмаса, өткен кеткен жандар жалпы идея жақсы дейді.

Сағынгүл Бекетқызы, Павлодар қаласының тұрғыны

Мен Павлодарда мұндай жер бар екенін білмедім. Павлодардың ең ерекшелігі деп білемін. Кешкі серуен жасаған ұнайды. Басқа шетелдерден кем түспейді деп айтсам болады. Негізі мен бірінші рет біліп тұрмын былай фильм көрсетілетінін, бірақ өте жақсы идея деп ойлаймын.

Айта кетейік, 5 тамыз күні – «Жамбыл. Жаңа дәуір». 6 тамыз күні «Боксер», 7 күні «Алматы, я люблю тебя», 8 күні «Қажымұқан», 9 күні «Паралимпиец», 10 күні «Время патриотов» фильмдерін көруге болады.

Әсем Ақсақова, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы

ҚР Президенті Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасы бойынша отандық киноны қолдау мақсатында отандық фильмдер көрсетілуде. 4-10 тамыз аралығында Ертіс променад алаңында отандық кинолар көрсетіледі. Сағат 5-тен бастап көрсетіледі. Соңғы жылдары прокатқа шыққан фильмдер көрсетіледі. Бұл жерде «Боксер», «Қажымұқан», «Время патриотов» өте жақсы фильмдер.

Шараның негізгі мақсаты – отандық киноөнерді насихаттау, көрермендерді отандық фильмдермен таныстыру.

Самал Қалиқызы