Биыл өңірде туберкулез індетінің 141 жағдайы тіркелді. Жалпы сырқаттану деңгейі бойынша біз республика облыстары арасында 8-орындамыз. Инфекциялық ауруды алдын алуға дәрігерлер қандай шаралар қолданып жатыр? Тілші әңгімесінде.
Соңғы үш жылда Павлодар облысында туберкулезге шалдығу тұрақты төмендеп келеді. Бұл көрсеткіш бойынша өңір еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда ең төменгі қатарда тұр. Мысалы, 2020 жылы белсенді туберкулезбен тіркелген науқастар саны 627 адам болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 385 адамға дейін қысқарды. 38 пайызға азайған.
Ризвангүл Смағұлова, Павлодар облысы фтизиопульмонология орталығы басшысының орынбасары
5 жылда Павлодар облысында туберкулезбен ауыратын науқастардың белсенді контингенті 38 пайызға төмендеді. Бүгінгі таңда 385 науқас адам емделіп жатыр. Ал салыстырған кезде 5 жылмен 2020 жылы 627 адам емделсе. Бүгінгі таңда 385 науқас адам емделіп жатыр. 2025 жылдың 6 айында облыс бойынша халықтың сырқаттану көрсеткіші 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға төмендеді. Туберкулездың алғаш 141 жағдайы ауырмаған адамдар. 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші. 18,7 пайызды құрады. Емделу көрсеткіші жоғарыда айтып кеткендей біздің облыста жақсы. 90 пайызға дейін жақсы көрсеткіште.
Өңірде туберкулезді анықтаудың заманауи технологиялары енгізілген. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек те қолжетімді. Ең тиімді әдістердің бірі – ПТР-диагностика. Бұл зерттеу тегін жүргізіледі және нәтижесі 2 сағат ішінде дайын болады. Мұндай құрылғылар өңір бойынша 8: төртеуі Павлодар қаласында, ал төртеуі аудандық медициналық мекемелерде орналасқан. Балалар арасында да бұл ауруға шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді.
Ризвангүл Смағұлова, Павлодар облысы фтизиопульмонология орталығы басшысының орынбасары
Туберкулезбен ауырған балалардың көрсеткіші ересек адамдард сияқты жылдан жылға азайып келе жатыр. Біздің Павлодар облысы бойынша балалар арасында азайды. Былтыр мысалы 2024 жылы 14 бала сырқаттанған болса бүгінгі таңда 12 балаға диагноз қойылды. Балаларға да солай ересектерге сияқты егерде ашық түрімен жұқпалы түрімен анықталған болса кейін жазылған соң үйінде қабылдайды жазылып кеткен соң.
Ауруды ерте анықтауға флюорографиялық тексерулер мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, 1000 адамды қараған кезде орта есеппен 2-3 жағдай тіркеледі. Сонымен бірге, облыстағы барлық емханаларда фтизиатр дәрігері қабылдайды.
Ризвангүл Смағұлова, Павлодар облысы фтизиопульмонология орталығы басшысының орынбасары
Алтын алу салауатты өмір салтын жүргізу, темекі шекпеу. Таза ауада жүру, флюрографиялық әдіспен жылына бір рет біздің үкіметтің заңы бойынша скринингтен өту керек. Соны уақытында өтіп отыру керек. Ал егерде адамда бірінші белгілері пайда болатын болса ол жөтел 2-3 апта арасында дене қызуы тәбеті болмау салмақ тастау дәрігерге қаралып туберкулезге тексерілу керек.
Ауруды асқындырмай, уақытында дәрігерге қаралған дұрыс. Айта кетейік, өңірде туберкулезді диагностикалау мен емдеу әдістері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынымдарына толық сәйкес келеді. Әйгерім Тоқпанқызы