«Екі студия - бір өнер». Дәл осындай тақырыппен облыстық кітапханда бейнелеу өнерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 100-ден астам туынды қойылды.
Михайл Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Сымбат» және «Палитра» студиялары балаларды өнерге баулитын, суретке ықылас ашатын орындардың бірі. Мәселен, «Сымбат» 2010 жылдан бері, ал «Палитра» студиясы 2012 жылдан бастап балалардың қиялын ұштап, көркем және қолданбалы өнерді үйретіп келеді. Осы ретте «Екі студия - бір өнер» тақырыбымен көрме ұйымдастырылды.
Жамиля Нұрмағамбетова, жас суретші
Мен төрт жастан бастап Палитра студиясына барамын. 8 жыл барамын, сурет саламын. Бүгін үш жұмысым қойылды.Олар оюлар, қазақтың ұлттық мерекелеріне арналған. Мысалы Наурыз мерекесіне арналған. Мен коллаж, байтик және акрилмен бояу техникаларымен жұмыс жасаймын. Сурет салу өнері маған өте қатты ұнайды, ішкі ойымды, өз пікірімді білдіре аламын.
Өнер жас пен үлкенді, стиль мен техниканы біріктіреді. Көрмеге 100-ден астам туынды қойылды. Скетчинг, дудлинг, фьюжен арт, графика техникаларымен жасалған шығармалар көздің жауын алады. Жастардың осыншалықты өнерлі, суретке деген қызығушылықтарының жоғары болуы қуантады. Ал, екі студияның өзара бәсекелесе біріге жұмыс істеуі өнерге деген құрмет.
Елена Каркавина, «Сымбат» студиясының жетекшісі
Біздің студияларымыз 7 жыл бірге жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында бір ұжым болып бірігіп кеттік. Іште мүмкін бәсекелестік бар шығар, бұл өнер үшін қажет дүние. Ал, былай біз бір кабинетте отырамыз, бірге жұмыс жасаймыз. Балалардың жұмысын бірге көрмеге қоямыз. Біздің оқушылардың жасының кішкентайы 8-де. Түрлі жарыстарға қатысып, орын алдып жатқан балаларымыз көп.
Шығармаларда туған өлкенің көркі, балалық шақ тақырыбы, қазақ халқының дәстүрлері және этно-стиль мен заманауи бағыт үйлесім тапқан. Көрменің бір бөлігі Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарларға арналады. Шығармашылық шара көптің көңіленен шықты.
Самал Қалиқызы