Төраға Илья Теренченко бастаған Павлодар облыстық мәслихатының делегациясы жұмыс сапарымен Омбыда болды. Сапар қала күні мен Омбы облысының күніне орайластырылды. Мерекелік іс-шараларға қатысумен қатар, Омбы облысының заң шығарушы жиналысының өкілдерімен кездесу өтті.

Ресми бөлімде тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша павлодарлық және омбылық депутаттар арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған Ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Құжатта заң шығару қызметі бойынша тәжірибе алмасу, депутаттар мен комитеттер арасында байланыс орнату, бірлескен консультациялар, конференциялар мен кездесулер өткізу қарастырылған.

Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы

Бұндай оң бағыттағы байланыс бұған дейін Том, Новосібір облыстарымен орнады. Жақында ол жақтың өкілдері құрметті қонақ ретінде келіп кетті. Бұндай жақын көршілік қарым-қатынас екі жақтың да халық сайлаған өкілдеріне оң қарым-қатынасты одан әрмен тереңдеутге мүмкіндік берері сөзсіз. Омбымен бізді байланыстарын күретамыр бар. Ол-Ертіс өзені. Сондықтан, бұндай байланыстың болашағы зор. Сіздердің басшылық та бұған баса мән беріп отыр. Екі облыстың депутаттық корпусы да бұл іске жан берді. Бұл бағыт екі облыстың эконоикалық өсуіне де мүмкіндік береді...позволит развивать экономику двух регионов.

Омбы мен Павлодар облыстары арасындағы ынтымақтастық барысы бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Кейін де жалғасуда. Бұған дейін 1 шілдеде Павлодарда Павлодар облысының әкімдігі мен Омбы облысының басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Александр Артёмов, Омбы облыстық заң шығару жиынының төрағасы

Наш губернатор Анатолий Павлович Хоценко ... Губернаторымыз Анатолий Павлович Хоценко Павлодар облысының әкімімен – қарым-қатынастың мүлде жаңа кезеңін бастағанын көріп отырмыз. Тиісінше, өкілді органдар Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасымызда қалыптасып жатқан мұндай заманауи үрдістерден шет қалмауы керек. Омбы облысы бойынша сыртқы сауда қатынасымыздың үштен бір бөлігі Қазақстанмен байланысты. Бұл көрсеткіштің өзі эконмикалық әріптестіктің терең екендігін көрсетеді. Біздің ынтымақ көптеген оң бастамаларға, бизнесті өркендеуіне жол ашады. Стаистика бойынша да біздің бизнес ай сайын Павлодар облысында болып қайтады. Бұл үрдісті қолдау керек. Бұл құжат екі халықтың ынтымағына қызмет етеді деп сенемін...послужить на благое дело наших народов.

Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар мен ынтымақтастық форматы Қазақстанның да, Ресейдің де шекаралас басқа аймақтарына үлгі бола алатынын атап өтті. Ресми кездесуден кейін павлодарлық делегацияға Омбы облысының Заң шығару жиынына экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында қонақтар өңірлік парламенттің қызметімен танысты. Сапар қала күні мен Омбы облысы күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысумен аяқталды.

Жанасыл Серікбол