Успен ауданында жүзу бассейнінің құрылысы аяқталуға жақын. Жоба жоспарланған мерзімнен алты ай бұрын — осы жылдың қараша айында аяқталады. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Құны 565 миллион теңге. Жаңа бассейн тұрғындар үшін бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарады.

Жаңа нысан 25 метрлік төрт жолақты бассейннен тұрады. Ені — 7 метр, тереңдігі —1,8 метрге дейін. Ғимарат ішінде барлық қажетті инфрақұрылым бар. Жуынатын бөлме, медициналық пункт, жаттықтырушылар бөлмесі және кең киім шешетін орын болады. Бассейнді жаңа қазандық жылытады.

Олег Каравайкин, мердігер ұйымның қызметкері

Нысанды биылғы қараша айында тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жоба бойынша аяқталу мерзімі 2026 жылдың жазы деп белгіленген еді. Қазір сыртқы инженерлік желілерді тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрмыстық блоктың тек шатыры қалды. Негізгі ғимараттың құрылысы аяқталды. Бассейн шұңқырының түбі құйылды, қабырғаларды тұрғызу, арматура мен қалыптарды орнату жұмыстары жүріп жатыр».

Бассейн құрылысы тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген мәселенің бірі. Әсіресе аудандық ардагерлер кеңесі бұл бастаманы бірнеше рет депутаттар мен жергілікті билікке айтқан.

Тамара Абылғазинова, Железин аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

«Біздің ауданда су қоймалары бар, бірақ барлығы ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған. Халық демалу үшін жабық, қауіпсіз орын керек. Бұл бассейн осы қажеттілікті өтейді деп сенеміз. Жастар үшін – спортпен шұғылдануға мүмкіндік, ал егде жастағы азаматтар үшін су процедуралары денсаулыққа оң әсер етеді. Басқа спорт түрлерінен жетістіктеріміз бар, енді жүзу де соған қосылады деп үміттенеміз».

Бүгінде нысанда 25 маман жұмыс істеп жүр. Құрылыс жұмыстары шамамен 40 пайызға орындалған.

Әйгерім Тоқпанқызы