10 тамыз-Абай күні. Яғни, ақылдың, даналықтың күні. Абай қазақ болып жаралған халықтың рухани қағбасы. Бұл күні облыс жұртшылығы ақын ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.

«Адамзатытң бәрін сүй, бауырым деп... Абай хакімнің бай мұрасы, пәлсапасы, терең ойлары асқақтай бермек. Абай тағылымына тағзым ету – Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі. Өңір жұртшылығы ақын ескерткіші алдына келіп, ұлттың мызғымас бәйтерегі болған ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Абай – дана ақын. Ол өз шығармаларымен қазақ халқының ақыл-ой, жан мен жүрек қазынасын байытқан. Әлемдік өркениеттен ойып орын алған ренессанстық тұлға. Халқымыздың темірқазығы болған Ұлы Абай сол бәйтерекке өзімен қоса туған ұлтын да өрлетіп отыр.

АЙТМҰХАМБЕТ ТҰРЫШЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Абай айтқан ғой. Жасымда ғалым бар деп ескермедім. Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, рсының барлығы Қазақ елінің көркейуіне арналған. Оқысын, білім алсын. Деп айтқан Абай. Міне осында келіп тұрған қауымдар гүл шоғын қою рәсімі бұл Абайға тағзым жасау. Абайды мойындау, Абай әлемдік деңгейдегі ұлы ғұлама. Және Абай ғұлама болып жүре береді.

Ескерткіш алаңында Абай өлеңдері шырқалды. Өңір өнерпаздары ұлы ақынның халық арасында кең таралған шығармаларынан үзінді оқыды. Айта кетейік, биыл дана Абайдың туғанына 179 жыл толды.

Әйгерім Тоқпанқызы