Павлодар қаласында «SARAP» эксперттік клубының сарапшылары жастармен кездесті.Онда қоғамның бүгінгі құндылықтары жайында әңгіме өрбіді. Толығырақ келесі сюжетте.

 «SARAP» эксперттік клубының сарапшылары өңір ауылдарды аралап, жастармен кездесу өткізуде. Басты тақырып, елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы.

БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ, «SARAP» ЭКСПЕРТТІК КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ, САЯСАТТАНУШЫ

Аймақтарға барған кезде сол жердегі белсенді азаматтар сол жердегі сарпшылар сол жердегі эксперттер зиялы қауым өкілдері сол азаматтармен кездесе отырып елімізде болып жатқан реформалар еліміздегі өзгерістер сол аймақтағы болып жатқан әртүрлі мәселелер болуы мүмкін біз бүгін жастармен кездесейін деп отырмыз осы жерде қандай мәселелер бар соны талқылап сол жерде айтылған ұсыныс пікірлерді құжаттамалық қағазға түсіріп оны тиісті мемлекет органдарға жеткізу бір сөзбен айтқанда халық үніне құлақ асатын мемлекет яғни халықпен байланыс ортнату.

 «SARAP» эксперттік клубы жаңа саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруды зерттеумен айналысады екен.

БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ, «SARAP» ЭКСПЕРТТІК КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ, САЯСАТТАНУШЫ

Жастармен кездесіп осы жерде болып жатқан мәселелерді бірлесе талқылаймыз сөйлейтін азаматтар өзіміздің қазақстан қоғам даму институтының эксперттері сарапшылар саясаттанушылар халықаралық қатынастар саласының мамандары. Негізгі бағытымыз осы елімізде жүріп жатқа реформалар президентіміздің бастамасымен іске асып жатқан өзгерістер жалпы жастарға қалай әсер етіп жатр осындай мәселелерді талқылаймыз.

Кездесу барысында жас буын өкілдеріне бизнес ашу үшін 2,5% несие беру мәселесі қозғалды. Бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламалар арқасында жастарды баспанамен қамту мәселесі сөз етілді.

БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ, «SARAP» ЭКСПЕРТТІК КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ, САЯСАТТАНУШЫ

Жастарға қатысты баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты 2024 жылдың арнайы бюджеттен қаржы бөлініп осы мынау жастарға деп баспанамен қамтамасыз ету үшін бөлініп жатыр осы тақырыпты талқылайтын боламын және өзге де жастарға жасалып жатқан жағдайлар және оны қалай алуға болады қай жерге құжаттарды тапсыру керек осындай тақырыптарды талқылаймыз.

Кездесу соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушылардан тұшымды жауап алды. Осы сынды кезедсулер келешекте жалғасын табады.

 Сабина Жолдаспаева