Полиция қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген безбүйрек әкені ұстады. 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны 4 жыл бойы алимент төлемеген. Қылмыстық іс қозғалды.

Жауапсыз әке жұбайымен ажырасқаннан кейін бала тәрбиесіне мүлде араласпаған. Бұған қоса, туған балаларының несібесін аузынан жырып, сот шешімін елемей, алимент төлемеген. Іздеуде жүрген ол тәртіп сақшыларының қолына түсті. Ол балаларына 4,5 млн теңге қарыз.

ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Полиция қызметкерлері адамды ұстап, соттың қарыз сомасын өндіріп, жеке сот орындаушысына тапсырылды. .. міндеттемелерін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Әкелік міндет алиментпен шектелмейді. Алайда заң бойынша борыштан қашатындар жыл санап көбейіп отыр. Мәселен өткен жылы алимент төлемей жалтарып жүрген 300 ге жуық азамат анықталған.

Әйгерім Тоқпанқызы