Энергетика саласында 30 жылдан астам еңбек етіп, аймағымызда жылу мен жарықтың үздіксіз болуын қамтамасыз етіп отқан жанның бірі Виктор Поляков. Толығырақ тілші матреиалында.
Виктор Поляков – үшінші жылу электр орталығының турбиналық цех басшысының орынбасары. Бұл салада 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан ол әр күнім жауапкершілікпен басталады дейді. Ол еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастады. Ал энергетика саласына мектепті бітірген соң, комсомолдық жолдамамен келген.
ВИКТОР ПОЛЯКОВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-НЫҢ ТУРБИНАЛЫҚ ЦЕХ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Энергетикаға алғаш келгенде, осы саладағы көп нәрсені түсіне алмадым. Бірақ, уақыт өте келе, бұл жүйенің қалай жұмыс істейтініне, қалай үйлесімді қозғалып, халықтың күнделікті өміріне әсер ететініне көзім жетті. Қазір осы мамандықтың маңыздылығын терең түсінемін. Менің міндетім – жұмыс процесін бақылап, қызметкерлерімнің жұмысына жетекшілік ету.. Мен үшін әрбір жұмысшы өз ісіне толық мән беріп, қандай жұмыс істеп жатқанын түсінгені маңызды
Кейіпкеріміз 40 жасында жоғары білім алып, сол уақытта диплом қорғау комиссиясының төрағасы болды. Бұл кәсіби дамуымда маңызды кезеңдердің бірі болды дейді,
ВИКТОР ПОЛЯКОВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-НЫҢ ТУРБИНАЛЫҚ ЦЕХ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Менің алдымнан көптеген студенттер өтті. Бірақ, өкінішке қарай, олар энергетика саласына келуге құлықсыз. Сондықтан да бізде мамандардың ұрпақтан ұрпаққа берілуі қиын болып жатыр деп алаңдаймын
Еңбекте ең жауапты кезеңдердің бірі – ескі турбинаның жаңасымен алмастырылуы болған. Бұл маңызды қадам шаһарды сенімді әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
ВИКТОР ПОЛЯКОВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-НЫҢ ТУРБИНАЛЫҚ ЦЕХ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жұмыс барысында әрбір минут сайын өз ісіміздің маңызды екенін сезінемін. Басты мақсатыамыз қала тұрғындарына жылу мен жарық жеткізу, олардың өмірін жайлы ету. Бұл маған ұнайды, жұмысымды жақсы көремін
Виктор Поляковтың еңбегі сырт көзге қарапайым көрінуі мүмкін, бірақ Оның жұмысы қаламыздың маңывзды бөлігі. Осындай мамандардың қажырлы еңбегі арқасында әр үй жылу мен жарыққа ие.
Қымбат Садық