Қаламыздағы №2 емханаға 65 мыңнан аса адам тіркелген. Олардың 30 пайызы диспансерлік есепте тұр. Осы азаматтардың барлығы кепілді көлемдегі тегін медициналық көмекпен қамтылған. Толығырақ келесі сюжетте.
Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек алуға құқығы бар екенін еске саламыз. Себебі, біз міндеті әлеуметтік медициналық көмектің бары туралы жиі айтамыз. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады.
СВЕТЛАНА ВАЛИКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мен екі топтағы мүгедекпін. Сондықтан емханаға жиі келіп тұрамын. Осында дәрі-дәрмек жаздырып аламын, МР және КТ-ға жолдамалар аламын. Дәрігер жазыламын, өзімнің сырқатым бойынша неврапатологқа барамын. Емханамыз ұнайды, бәрі жақсы. Осында туғаннан бері тіркелгенмін.
ИРИНА ИВАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мен 62 жастамын. Осын диспасерлік есепте тұрмын. Жүрегіме ота жасалған еді. Сондықтан емханаға жиі келемін. Препараттарды аламын осыннан. Бәрі болады. Ешқандай кезек болмайды. Медбикеміз өте жақсы.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында амбулатория және жедел жәрдем, амбулаторлық-емханалық көмек, оның ішінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, сауықтыру және медициналық оңалту көмегі ұсынылады.
ДИДАР УӘЛИХАНОВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕРІ
ГОБМП бойынша біздің ауруханада науқастарға полиативті көмек көрсетіледі, анализдер беріледі. Біздің емханада жүргізіледі. Диагностикалық шаралардың бүкілі өткізіледі.
Қаламыздағы №2 емханада 65 мыңнан аста адам тіркелген. Олардың 30 пайызы диспансерлік есепте тұр.
Самал Қалиқызы