Елімізде картоп нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылданды. Премьер-министрдің тапсырмасымен картоп экспортына бақылау күшейтілді.

Көрші елдердің, әсіресе Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуы мен экспорттық бағаның жоғары болуы картоп бағасының күрт өсуіне себеп болды. Соңғы аптада өндірушілер арасында баға 170 теңгеден 270 теңгеге дейін көтерілген.Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елдегі қор жеткілікті. 850 мың тоннадан астам картоп бар. Оның ішінде тұрақтандыру қорларында 68 мың тонна, жеке шаруашылықтарда 200 мың тоннадан астам бар.Сауда министрлігі мен монополияға қарсы мекеме нарықты бақылауға алып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге жұмыстарды жалғастыруда.

Сабина Жолдаспаева