Мемлекеттік Кеңесшісі Карин Ерлан әдебиет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстады. Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған мемлекеттік марапат Қазақстандық 75 қайраткерге берілді.

Бұл қатарда Серік Тұрғынбекұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Алтыншаш Жағанова, Меруерт Өтекешова, Төлен Әбдік, Әкім Тарази, Қайрат Байбосынов сынды қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандары бар. Мемлекеттік стипендия Қазақстанның мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға үлес қосқан шығармашыл тұлғалар мен жас дарындарға жыл сайын беріледі.

 ТӨЛЕН ӘБДІК, ЖАЗУШЫ, МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ

Әдебиет деген мәселе, өнер деген нәрсе адамдарды тәрбиелейтін нәрсе. Адамдардың адамгершілік санасын, кісілік қасиетін насихаттайтын нәрсе. Сондықтан да бұл халыққа керек, рухани байлық деген болады. Міне, осы тұрғыдан келген кезде бүгінгі жасап жатқан іс-шараға іштей қуанып, сүйсініп отырмыз.