Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болмақ. Қатты аяз бірнеше күнге созылып, оның артынан күн жылынады. Мұндай болжамды Қазгидромет орталығы жасап отыр.
Бұл аптада күн суытады. 21 қаңтардан бастап облыс бойынша қатты қар мен жаңбыр аралас жауын, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
ОКСАНА ОВСЯННИКОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ПОФ МЕТЕО БОЛЖАМ ЖАСАУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
21 қаңтардан бастап, солтүстік циклонның өтуі әсерінен аралас жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын болады деп болжануда. Сондай-ақ батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарында жел15-20 м/с-қа дейін артады. 23 қаңтарда түнде және күндіз температура -23-28 градусқа дейін аяз болады.Қатты аяз ұзаққа созылмайды. Түнде ауа температурасы -20-25, күндіз -10-15 градус болады.
Сабина Жолдаспаева