Павлодар қаласындағы республикалық орталықта қазір 6 адам құмар ойындарға тәуелділіктен емделуден өтіп жатыр. Олардың жасы мен қай әлеуметтік топқа жатады? Оңалтудың нәтижесі қандай? Тілшіміз айтсын.

Павлодар қаласындағы ғылыми практикалық психикалық денсаулық орталығында нашақор, ішімдік және құмар ойындарға тәуелді қазір 63 адам емделіп жатыр. Орталық республикалық болғандықтан мында әр өңірден емделушілер келеді. Мәселен мына кейіпкеріміз Шымкент қаласынан.

Жасым 29-да. Оңтүстік Қазақстаннан боламын. Іш пысудан басталды. Өзіңнің түбіне жетесің гой. Басында ойлайсың мен футбол жақсы білемін. Теннис жақсы білемін деп. Бәрінен ақылдымын деп ойлайсың. Ұтып жүретінмін. Бірақ өкінішке орай ол оңай емес.

Лудомания басқа құмарлықтар сияқты ұзақ емделуді, оңалтуды қажет етеді. Құмай ойындарға тәуелділерді емдеуге көбінесе ата аналары, достары, туған туыстары әкелетін көрінеді. Ойынқұмар адамдардың орта жасы 18-32 жас аралығы.

АСАНАЛИ СУШЕНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ

ПСИХОТЕРАПЕВТ ДӘРІГЕРІ

Емдеу процесі қалай жүзеге асады? Тегін бе ақылы ма?міндетті түрде. Барлығы тегін емделеді. Егер пациент өзі тапсырып, ақылы түрде емделуге болады. Ол жақта 5-6 күн.

Орталыққа келішулер оңалтудың үш кезеңінен өтеді. Емделгендердің 28 пайызында рецидив болмайды.

АСАНАЛИ СУШЕНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ

ПСИХОТЕРАПЕВТ ДӘРІГЕРІ

2023 жылдың ресми статистикасына келетін болсақ, 8 динамикалық бақылауда тұрды. 2024 жылы ол 13 адам тұрды. Жартыжылдан кейін шығарамыз.

Мында жылына 600-ге жуық пациент емделіп шығады. Орталық 130 орынға шақталған. Қазір 60-тан астам адам оңалтудан өтіп жатыр, олардың 6-ауы лудоман.

Самал Қалиқызы