Павлодар облысына Грузиядан картоп әкелінгені қаншалықты рас. Өзіміз өсірген картоптың өзімізге жетпей қалғаны қалай? Толығырақ тілшіміз айтсын.
Дүкен сөрелерінде картоп бағасының 250-300 теңгеге аспандап кеткенін бәріміз байқадық. Картоп өсіретін аймақ бола тұра, оның бағасының қолжетімсіз болғаны біраз сұрақ туғызды.
ӘСЕМГҮЛ БЕКТҰРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Экспортқа қыркүйек пен желтоқсан аралығында қарағанда 159 мың тонна экспортталды. Ішкі нарығына 20 мың тонна сатылды. Қазақстан 189 мың тонна сатылды. Жалпы қазіргі 56 мың тоннаны құрайды.
Ауыл шаруашылығы басқармасында бұл көлемнің облысқа жетуі тиіс деп отыр. Себебі өңірдегі қажеттілік 6 мың тонна. Ал, картоп бағасының көтерілуін ауыл шаруашылық басқармасында көршілес елдерге экспортқа сұраныстың болуымен байланыстырып отыр.
ӘСЕМГҮЛ БЕКТҰРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Қаңтар айына дейінгі баға өсуіне дейінгі жасалған шарттар бойынша 160-170 теңгеден сатылып жатыр. 13-нен бастап 250 ге дейін көтеріліп тұр.
Одан бөлек картопты тұрақтандыру қоры арқылы арзандатылған бағамен сатып алуға болады. Облыстың тұрақтандыру қорында қазір 4 мың тонна өнім бар.
ӘСЕМГҮЛ БЕКТҰРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бұл біздің меморандум бойынша осы қаланың әлемуеттік дүкендеріне жеткізіліп жатыр. Оның бағасы дүкендерде сатылады. Сосын тұрақтандыру қорында 4 мың тонна бар. 104 теңгеден сатылады. Смолл дүкендерінде.
Басқарма картопқа бай өңір Грузиядан картоп алғаны ақпаратты жоққа шығарды.
ӘСЕМГҮЛ БЕКТҰРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Біздің облыстық территорилдық инспекция агроөндірісм кешінінің айтуы бойынша. Картоп кіргізілген жоқ. Тек көктемде тұқым түрінде ғана кірген. Былай азық түлік түрінде кірген жоқ шетелден.
Айта кетейік, қыркүйектен бері экспортқа ең көп көлемде Өзбекстанға картоп жіберілген екен. Енді көршілес елдерге көкөніс жіберу әзірге тоқтатылды. Өткен аптада үкіметтің бұған қатысты Қаулысы шықты.
Самал Қалиқызы