Павлодарлық емханаларда науқастарды қабылдауды сәйкестендіру – «Face ID» технологиясы бойынша тексеру немесе E-gov mobile арқылы 6 таңбалы нөмірді растау бойынша цифрлық тетіктерді енгізу арқылы пилоттық жоба іске қосылды. Енді бұл арқылы дәрігердің қабылдауына кіретін әрбір азамат жеке бас дерегін осылай растайтыне болады.

Дәрігерге қабылдауға кірсеңіз, бейнекамераға түсірсе қорықпаңыз, бұл фейс-айди сәйкестеніру жүріп жатқанын білдіреді. Пилоттық жоба жылдың басынан емханаларға біртіндеп енгізілуде.

АЛЬМИРА ҚАЙЫРБЕКОВА, ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Бұл процесс пациенттердің ыңғайлығы үшін. Жеке басының сәйкестендіру үшін, медициналық көмектін ашықтығы үшін жасалған. 16 жасқа дейінгі балалар мен 16 жасқан адамдар үшін. Код келу арқылы жүйеге енгіземіз.

Бұл қайта жазуды азайтатын тиімді құрал болады. Биометриялық сәйкестендіру жүйесі көрсетілетін қызметтерді нақты есепке алуды қамтамасыз етеді. Осылайша жалған медициналық жазбалардың жолы кесіледі.Тиісінше, бюджет қаражатын да, сақтандырылған азаматтардың жарналарын да мақсатсыз пайдаланудың алдын алады.

АЛЬМИРА ҚАЙЫРБЕКОВА, ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Енгізудің 2 түрлі әдісі бар. Ол фейс айди арқылы мемлекеттік жүйеде сәйкестендіруден өтеді. Екінші әдіс кодты жүйеге енгіземіз. Жеңіл әрі тез сәйкестендіруден өтеді. Барлық қызметтерді ашық көрсетуге болады.

Науқастардың дербес деректерінің сақталу қауіпсіздігі үшін оларға қолжетімділігі бар барлық мүдделі тұлға жауапты болады. Айта кету керек, науқастың тіркелген фотосуреті сәйкестендірілгеннен кейін автоматты түрде жойылады және медициналық ақпараттық жүйеде сақталмайды. Осыған байланысты науқастардың деректерін тарату мүмкін болмайды.

Самал Қалиқызы