18-19 қаңтар күні православ дінін ұстанғандар «Крещение» рәсімін тойлады. Біздің өңірде 11 ойық жасалды. Құтқару қызметтері кезекшілік жүргізді. Шомылу кезінде үш тұрғын дәрігердің көмегіне жүгінді.
Әр жыл сайын бұл рәсім азаматтардың белсенді қатысуымен өтеді. Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар департаментінің 71 құтқарушысы, медициналық және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. «Крещение» рәсімі барысында ақ халаттылар кезекшілікте болды.
ИРИНА МИЩЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кезекшілік кезінде ауыр науқастар болған жоқ. Тек үш адам түсті. Екі азаматтың қан қысымы жоғарлаған. Үшіншісі -абайсызда мұзға сүрініп, жарақат алған. Қан қысым көтерілген науқастарға көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Олардың жағдайы тұрақты. Ал бас жарақатын алған науқас бірінші қалалық ауруханаға жеткізіліп, мамандардың тексерісінен кейін үйіне қайтарылды.
Айта кетейік, облыс бойынша суға шомылу рәсіміне 5945 адам қатысты. Оның ішінде 386 бала болды.
Сабина Жолдаспаева