Май ауданының шенеунігі Қытай Халық Республикасынан түрлі тауарлар әкелетін оқу курсын жарнамалағаны үшін қызметінен айырылды. Мемлекеттік қызметкер қосымша білім беруді 159 мың теңгеге бағалап, әлеуметтік желіде белсенді түрде насихаттаған.
Май аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы жауапкершілікке тартылды. Ол лауазымды тұлғаларға «педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылықтан» басқа ақылы қызметпен айналысуға тыйым салатын мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзған. 34 жастағы әйел әлеуметтік желілерде базарлардан өз бетінше тауарға тапсырыс беруді үйрету үшін жарнамалар жариялаған.
РУСЛАН ИМАНҚҰЛОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Оның әлеуметтік желідегі парақшаларынан Қытайдан тауарларды қалай әкелуге болатындығы туралы курстарды орналастырғаны анық байқалды. Банк есепшотына 159 мың теңге аударылған. Осының бәрін анықталған соң инспекцияға өтінім жіберілді.
Нәтижесінде шенеунік қызметінен босатылды. Айта кетейік, былтыр облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет саласында 66 тексеру өткізіпті.
РУСЛАН ИМАНҚҰЛОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жұмыс уақыты режимін сақтау және өзге де сараптамалар бойынша 166 бұзушылық анықталды. Жиыны 267 азамат пен шенеуніктердің құқығы қалпына келтірілді. Тексерулер кезінде заңның сақталуы басты принципке алынады. Департамент өткен жылы 35 мемлекеттік қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тартты
Тексерулер 1653 заң бұзушылықты анықтаған. 40 азамат пен лауазымды тұлғаның құқығы қалпына келтіріліпті.
Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров