Халықпен кездесулерде көтерілген өзекті проблемаларды шешуге депутаттар белсенді атсалысу керек. Сенаттың бюро отырысында Мәулен Әшімбаев осылай деді. Ол өңірлердің мүддесін қорғайтын сенаторлар аймақтарды дамыту мәселесіне ерекше мән беруі қажет екенін айтты. Сол себепті, алдағы уақытта іссапарлардың нәтижесінде, маңызды депутаттық сауалдар жарияланып, азаматтардың ұсыныстары заң шығару қызметінде ескерілмек.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
–Азаматтарымыздың айтқан мәселелерінің барлығы алдағы уақытта біздің жұмысымызда толыққанды ескерілуі керек. Президентіміздің тапсырмалары бар, халықтың көтеріп отырған мәселелері бар, солардың барлығы заңнамалық жұмысымызда толыққанды ескерілуі керек.