Кез келген шаһарда қоғамдық көлік жүргізу оңай емес. Себебі, жолаушылар алдындағы жауапкершілік аса маңызды. Міне, осындай жауапты қызметті Виктор Подгайнов атқарып жүр. Толығырақ алдағы сюжетте.

Виктор Подгайнов алдымен жеңіл көлікті тізгіндеп, кейін жүк көлігін жүргізген. Қазір қаламыздағы автобус паркінде жұмыс істейді. Жалпы бұл қызметке 2007 жылы келген. Таңертен ерте басталып, күн батқанша жалғасатын бұл еңбек көп жауапкершілік жүктейді. Ол күн сайын дәл уақытында аялдамаларда болуы керек, жолаушыларды қауіпсіз тасымалдай отырып, қаланың көшелерінде жол тәртібін сақтау қажет.

ВИКТОР ПОДГАЙНОВ, ЖҮРГІЗУШІ

Жұмысқа таңғы бесте келеміз. Алдымен дәрігерден өтеміз. Содан кейін автобусты қабылдап аламыз, май мөлшерін дөңгелектерді тексереміз. Яғни автобустан ешқандай ақау жоқ екеніне көз жеткізіп, ары қарай берілген бағыттар бойынша жұмысымызды бастаймыз

Автобус жүргізушісі үшін ең басты міндеттердің бірі — жолаушылардың қауіпсіздігі. Қала көшелері, әсіресе таңертеңгі және кешкі уақытта, адамға толы болғандықтан, жүргізуші әр сәтте сақтық пен жауапкершілік танытуы керек.

ВИКТОР ПОДГАЙНОВ, ЖҮРГІЗУШІ

Қазір жол-апаттары жиілеп кетті, кейде кептелісте ұзақ тұрып қаламыз. Сондай кезде адамдар түсінбей жатады, жұмысстың бір қиыны сол. Мұндай сәтте бастысы өз жұмысынды жақсы көріп, төзімді болу керек деп ойлаймын . Ең маңыздысы асықпау керек, сосын әрқашан мұқият болған дұрыс. Техниканы үнемі қадағалап тұрған маңызды

Кейіпкеріміз бұған дейін Алматы-Павлодар бағытында ауыр жүк көлігін тізгіндеп, жүк тасыған екен. Жүргізуші үшін әрбір күннің қызығы мен қиындығы қатар жүреді.

ВИКТОР ПОДГАЙНОВ, ЖҮРГІЗУШІ

Автобус жүргізушісі әрқашан қажет. Тіпті пандемия болған кезде-автобустар жұмыс істеді. Сонда біз дәрігерлерді тасымалдадық. Бұл жай ғана көлік емес, қала өмірінің бір бөлігі, күнделікті күйбеңнің куәгері деп айтуға болады. Осы жұмысым ұнайды, сондықтан өзіме жүктелген жауапкершіліктің зор екенін де түсінемін

Автобус жүргізушісі — қала өмірінің маңызды бөлігі. Бұл мамандық қарапайым көрінгенімен, терең мән мен жауапкершілікке толы еңбек.

Қымбат Садық