Қазір адамдар дүкендерден сатып алу жиілігін азайтқан, керісінше онлайн сауда жасауға бейімделгендер көп. Осы орайда сауда қызметкерлерінің жұмыссыз қалуы мүмкін бе?Тақырыпты тілші жалғастырсын.
Елімізде тұрмыстық химиядан бастап, киімдер мен аксессуарларға дейін сатылатын ірі дүкендер мен сауда орталықтары көп. Алайда қазір онлайн сауда озық тұр. Бұл базарға барып, аралаудың өзін машақат көретін егде жастағы тұтынушыларға таптырмас амал. Оған сауда нүктесіне бару-қайту жол шығынын қосыңыз. Ал онлайн сауда жасасаңыз жер кезіп, шаршап-шалдықпауға болады емес пе! Тек жарты сағат уақытыңызды бөліп, тапсырыс берсеңіз жеткілікті, тиімді тұсы осы. Бірақ маркетплейстер офлайн-бизнеске бәсекелестік тудыруда. Сауда қызметкерлері де бұл пікірді растап, соңғы үш жылда тұтынушылар санының азайғанын айтады. Мұның себебі – дүкендерде тауарды сынап көру және кеңес алу мүмкіндігі бар болғанымен, маркетплейстермен бәсекелесу қиынға түседі.
ВАЛЕНТИНА ЮРИНА, САТУШЫ
Бізге инстаграммға жазатын адмдар көп. Бір сағат ішінде жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. 60 пайызға жуық клиент әлеуметтік жел арқылы келеді, сондықтан барынша белсенді болуымыз керек
Сарапшылар сатып алушылар онлайн сауданы таңдайды, өйткені бұл ақшаны ғана емес, уақытты да үнемдейді дейді. Және дәстүрлі сауда жолы жабылмайды, тек жаңа форматқа ауысуы мүмкін екендігін айтты.
ЕЛЕНА ЧЕРВОВА, МАРКЕТОЛОГ
Бүгінде тек тауар сату жеткіліксіз. Сондықтан дәстүрлі офлайн-дүкендер маркетплейстер ұсына алмайтын нәрселерді, яғни ерекше, тәжірибе ұсынып, қызмет көрсету сапасын арттыра түсуі керек
Біреулер тауарды өлшеп, ұстап көруді қаласа, басқалары интернет арқылы сатып алу мүмкіндігін пайдаланады. Осы мақсатта қала тұрғындарынан жиі қандай сауда жасайтындарын сұрап білдік.
Қазір бизнес өкілдері мен сатушылар алаңдайтындай негіз жоқ. Себебі, тұтынушылардың көпшілігі әлі де дүкендерге барып сауда жасағанды жөн көреді. Ал онлайн сауда түрін дамытуда талап пен тәртіп қадағалануы керек.
Қымбат Садық