«Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж. Бұл туралы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Ал 6 қазан күні елімізде атом электр станциясын салу бойынша референдум өтеді.
Елімізде АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды. Мақсат, халыққа атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіру. Қазір Қазақстанда электр энергияның тапшылығы бар. Сондықтан оны шекаралас елдерден импорттауға мәжбүрміз. Энергетикалық әлеуетті арттыру үшін атом станциясы бұл мәселені шешуге сеп болады. Бұны ғалымдармен бірге халық қалаулары да құптап отыр.
АМАНГЕЛДІ МАХАМБЕТ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Шын мәнінде бұл бізге әркімнің халықтың әлеуетін көтеру үшін жасалып жатқан түсіндіру үшін ақша мәселесінде 1КВт қазір неше тенге болады. Біз қазір 9 теңгемен өзіміз сатамыз. Пик уақытында көршілерімізден 25 теңгеден сатып аламыз. Сол себепті экономикамыздың дамуына кедергі болып жатыр. Мысалы, өңіріміздің аграрлық әлеуетін алып қарасақ егін суарушыларға оларға да энергия жетпей жатыр. Су бар жер бар, технология бар. Тек қана поливалкаларын қосайын десе энергия жетпейді. Сол сияқты мәселелер бізде өрши береді. Аэстың салынуын қолдауымыз ат салысуымыз керекпіз.
Ғалымдардың пікірінше, нысан құрылысы алдағы 100 жылда еліміздегі электр қуаты тапшылығы мәселесін шешеді. Әрине, Атом электр станциясын салу үшін білікті мамандар қажет. Себебі бұл сала терең білімді талап етеді.
ВАДИМ МАРКОВСКИЙ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Қазір біздің университет, біздің кафедра, атом энергетикасы саласында жаңа білім беру бағдарламаларын құру үстінде. Себебі біздің университете осы салада тәжірибесі бар ғалымдар мен оқытушылар еңбек етеді. Жаңа оқу жылынан осы саладағы мамандарды даярлауды бастау ойымыз бар.
Жаңа білім беру бағдарламалары атом электр станцияларына мамандар даярлап қана қоймай, ядролық энергетикадағы ғылыми зерттеулердің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ ғылымның әлеуетін нығайтады.
Әйгерім Тоқпанқызы