Елімізде 6 қазан күні атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Бұл мәселе жан-жақты талдаудан өту керек. Еліміздің әр өңірінде құрылған халықтық штаб– қоғамға станция салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізеді.
Қазақстанда АЭС салу туралы шешім экономикалық, экологиялық, әлеуметтік факторларды ескере, мамандардың сараланған сарапына өтуі тиіс. Соңғы уақытта елімізде қуат көзіне деген сұраныстың артуы, экономика, экологиялық тұрғысынан ел дамуына әсер етіп отыр. Демек, атом станциясы елдің энергетика қауіпсіздігінің негізгі шешімдерінің бірі болмақ.
АРМАН МИНИЯЗОВ, ҚР ҰЯО РМК АЭИ ФИЛИАЛЫ СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
АЭС салыну қажеттілігі ол біріншіден болашақта энегрия көзімен қамтамасыз ету үшін мақсатталған. Яғни, қазіргі таңда біздегі қолданыстағы энергеия көздері жоғары қарқынмен дамып жатқан экномиканың қажеттіліктерін бәрін ақтай алмауы мүмкін. Сондықтан АЭС сол қажеттеліктерді жоюға төмендетуге үлкен мүмкіндік береді.
Әрине, қазір станция салу мәселесі қоғам талқысына түскені анық. Халық қауіпсіздік мәселелеріне алаңдайды. Алайда, мамандар атом электро станциясы құрылыс кезінде барлық халықаралық қауіпсіздік шаралары ескеріліп, талаптар зерделенеді дейді спикер.
АРМАН МИНИЯЗОВ, ҚР ҰЯО РМК АЭИ ФИЛИАЛЫ СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алғаннан бері атом энергетикасы жалпы ядролық технологоиялар жақсы қарқынмен дамып келе жатыр. Осы уақытта үлкен буын мамандар бар. Оны ішінде жастар физиктер, ядерщиктер дейміз Әрине, АЭС қолданыста болған кезде онда аранйы мамандар тікелей сонда жұмыс ісетйтін операторлар дайындалады. Бұл жерде дайындық барысында тек қана ЖОО ғана мамандар емес АЭСті салатын компаниямен бірге сол мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалар болады арнайы. бірақ сол АЭС тің қауіпсіз жұмыс істеуіне қажетті мамандар және тәжірбие бізде бар.
Айта кету керек, АЭС әлемнің дамыған елдерінде бар. Ал ең қуатты станциялар – АҚШ, Франция, Қытай, Жапония секілді алпауыт елдерде орналасқан.
Әйгерім Тоқпанқызы