Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған зияткерлік мектепте «Адал азамат» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға 5-10 сынып аралығындағы оқушылар мен ата-аналар белсене қатысты.

Аталмыш іс-шарада ең алдымен республика күні қарсанына арналған алаш азаматтары қойылымы сахналанды. Содан кейін оқушылар жәрмеңкеде қолдан дайындалған түрлі тағамдар мен үй бұйымдарды ұсынды. Бұл өнімдерді оқушылар мен ата-аналар арнайы әзірлеп әкелген.

Дияра Серғазина, сынып жетекші

Күзгі асар жәрмеңкесі және ұлттық ойындар спорттық жәрмеңке және күзгі асарға үйден балалар, ата-аналары дайындап әкелген тағамдарды сатып, түскен ақшаны аз қамтылған отбасыларға,мұқтаж жандарға көмек көрсетеміз.

Жәрмеңкеден бөлек оқушылар ұлттық ойындар ойнап, қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Күз тақырыбына арналған жұмыстарда балалар өздерінің шығармашылығын көрсетті.

Айнұр Маден, 9- сынып оқушысы

Көрме бұл балалардың қолөнерін дамытуға арналған. Бізге берілген тақырып күз болды. Яғги балалар өздерін үйлен заттар әкекліп өз қолөнерін көрсеткен болатын. Ұлттық ойындардан бізде асық ату, бес асық, күрес шахмет шашки бар баланың ой-өрісін дамытуға.

Мектепте 2023 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ай сайын тәрбиелік мәні бар шаралар өткізіледі.

Закирия Мұртаза, 11- сынып оқушысы

Гимназиямыздың ерекшеліктері бұл жерде құндылыққа қатты негізделеді.Және де бізде бір ай көлемінде ұлттық киімдермен жүреміз.Бұл ұлттық құндылықтарды еске сақтап жүруге көмектеседі. Сонымен қатар наурыз мерекесі де белсенді өтеді жылда.

«Күзгі асар» жәрмеңкесі – оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке және ұлттық рухты дәріптеуге бағытталған маңызы зор шара.Айта кетейік, жәрмеңкеден жиналған барлық қаржы балалар үйіне аударылады.

Дильназ Қуанышбекқызы