Республика күні қарсаңында Павлодар қаласында орналасқан ең көне мешіттердің бірі – «Ақмешіттің» 120 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған еліміздің әр өңірінен және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

1902 жылы Кереку шаһарының белгілі көпестерінің бірі – Абдулфаттах Рамазановтың бастамасымен мешіттің құрылысы басталып, ол екі жыл ішінде аяқталды. 1905 жылы «Ақмешіттің» есігі қала тұрғындарына айқара ашылды.

Әбілқайыр Клышев, Ақмешіттің бас имамы

Осы жылы 120 жыл болғандықтан сол кісіні еске алайық деп құран бағышталды. Ақ мешітке кірігірім жөндеу жұмыстраы жасалды.Павлодар облысына мешіт салған, үлес қосқан жандарды шақырдық.Және 120 жылға арнанйы осындай медаль

Мерейтойға мешіттің іргетасын қалаған көпес Абдулфаттах Рамазановтың ұрпақтары да арнайы Мәскеуден келді.

Рүстем Рамазанов, Абдулфаттах Рамазановтың ұрпағы

Өлімі туралы нақты деректерді әлі анықтау қажет, себебі мұрағаттарда оның қайтыс болғаны жайлы жазбалар бар, менің мұрағатымда да оның қайтқан күні көрсетілген, бірақ бұл ақпарат әлі нақты емес. Оның қашан нақты қайтыс болғанын біз әлі білмейміз. Алайда, оның ұлдары мен жалғыз қызы туралы біраз мәлімет таптық. Оның жалғыз қызының аты Мархабану. Мұрағаттағы жазбалар арқылы оның туған күні дәл анықталды. Ал фотоальбомдағы жазбада біз оның тұңғыш ұлы Закирдің тағы бір суретін таптық. Ол қазіргі музейде тұрған екен.

Шара барысында табылған көне кітаптар мен жәдігерлер қайта өңделіп, «Ақмешіт» мешітіне сыйға тартылды. Сондай-ақ, Ертіс-Баян өңіріндегі мешіттер мен меценаттар тарихы айтылып, «Ақмешіт» мешітінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм көрсетілді.

Рустам Мазгутов, Павлодар облысы «Татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

Мен Рамазановтар әулетінің тарихымен 5 жылдан бері айналысып келемін. Бес жыл бұрын біз көпес Рамазановтың қабірін тауып, қоршауын қалпына келтіріп, мешіт аумағына ескерткіш тас орнаттық. Биыл біз көпестен қалған бір коллекцияны таптық. Онда рухани мазмұндағы кітаптар, энциклопедиялық сөздіктер , екінші гильдия көпесінің мөрі, татар тіліндегі Құран кітабы болды. Бұл жәдігерлер XIX ғасырдың соңына тиесілі. Міне, бүгін осы құнды дүниелер көрмеге қойылып отыр. Оларды сатып алдым, енді бұл құндылықтар өзімізде қалады.

«Ақмешіт» — ғасырдан астам уақыт бойы өңірдің рухани өмірінде маңызды орын алып келген иарихи нысан. Алла үйі – бірлік пен имандылықтың, ұлт руханиятының айшықты көрінісі.

Дильназ Қуанышбекқызы