Өңірдің мәдени өміріндегі ерекше жоба – «Өнер додасы – 2025» байқауы басталды. Дәстүрге айналған бұл доданың жеребе тарту рәсімі өтті. Шара «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.

Жоба облыс әкімдігі мен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен өтеді. Байқаудың мақсаты ұлттық өнерді ұлықтап, халықтық дәстүрлерді жаңғырту. Биыл «Өнер додасына» облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 13 команда қатысады. Олар жеребе тарту арқылы жұптасып, ұлттық өнердің жеті бағыты бойынша бақ сынайды.

Замира Солтанова, Павлодар облысы «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының басшысы

«Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы тек қана мәдени шараларды өткізіп қана қоймай, қала аудандарымен облыс бойынша тікелей жұмыс жасайды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін жобамыздың бірі бұл осы өнер додасы. Екі жылда бір лет өтіп тұрады. Өткен 2023 жылы өткіздік, биыл енді ұлттық өнердің аламаны болайын деп тұр. Алдымен бірінші кезең өтеді. Одан кейін әділқазлардың шешімімен екінші кезеңге командалар өтеді. Қорытынды үшінші кезең және финал болады.

Қатысушылар дәстүрлі ән мен күйден бастап, айтыс пен терме, ұлттық би және көне аспаптарда өнер көрсету сияқты бағыттарда өз шеберліктерін көрсетеді. Әр команда өз өңірінің өнерін, мәдени келбетін, дәстүрін көрерменге ұсынбақ.

Айнұр Байжанова, Успен ауданының ойын-сауық орталығының басшысы

2023 жылы жоба бірінші рет өткен кезде, біз жеңімпаз атандық. Ол кезде жоба үлкен дәрежеде өтті. Сондықтан, биыл да келіп отырмыз. Өз өнерімізде көрсетуге, тағы да қатысамыз. Биыл де ережеге сай барлық бағытқа қатысамыз. Жалпы 15-20 қатысушы болады бізден.

Жеребе тарту рәсімі ерекше өтті. Әр команда өкілі сахнаға шығып, ұсынылған ыдыстардың бірін таңдап, самауырыннан су құйды. Әр ыдыстың сыртында нөмір жасырылған. Екі бірдей нөмір түскен командалар бір-біріне қарсылас атанып, сахнаға шығу кезегін анықтады.

Өнер додасы қараша айынан бастап желтоқсан айына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында қала мен аудан командалары жұптасып, өнер бәсекесінде өзара үздікті анықтайды. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталады.

Сабина Жолдаспаева