Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз ауылдық аймағына жұмыс сапарымен барып, Атығай ауылында салынып жатқан мектеп құрылысын тексерді. 120 орындық жаңа білім ордасының құрылысы қарқынды. Жобаның жалпы құны 1,4 млрд теңге.
Мектеп құрылысы қыркүйек айында басталған. Қазір қабырғасы қаланып, толықтай бой көтерді деуге болады. Алдағы уақытта абаттандыру басталмақ.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
- Бүгінгі күні қандай жұмыстар жасалды? Екінші қабатқа жетіп қалдыңыздар ма? - 90 пайызға жетіп қалдық. – Екі этаж толығымен аяқталды. Қазір терезелерін қойып жатыр. Кровлясын жасады. Қазір спорт зал блогын аяқтап жатыр. -Төбесі қатты шатыр ғой? Төбесін жақсалып бекіту керек. Жел деген өте қатты бұл жерде. Сайын дала ғой. Қызық жерде тұр өзі. Көмірдің жанында Атығай деген ауылымыз.
Жаңа мектеп жобасына тир, хореография және күрес залдары да кіреді. Бұл - шалғайдағы ауыл балалары үшін арнайы жасалған игіліктердің бірі болмақ. Құрылыс барысын тексерсен Асайын Байханов тұрғындармен де кездесіп, ой-пікір алмасты.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Неге ауылға мектептің құрылысын шешім қабылдадық? Себебі, қаймағы бұзылмаған ауыл, құдайға шүкір балалардың саны бар екен. 130 ға жуық бала бар. Шағын орталыққа 35 баладан басқа, 20 бала бар. Солардың басын қоссақ 50-55 бала болашақ оқушы. Мектептің сапасын көтерсек ертең тағы да оқушылар келеді. Оның бәріне біз талдау жасадық. Бас-аяғы жоқ нәрсеге кіріспейміз ғой.
Жұмыс желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Наурыз айында оқушылар жаңа білім ордасының табалдырығын аттайды. Жаңа білім ордасы ауыл өмірінің сапасын арттырып, шалғай елдімекендердегі білім сапасының артуына үлесін тигізеді.