Кітап оқуға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуде. Бұл ретте кітапхана қызметінің рөлі үлкен. Тереңкөл ауданында бұл бағытта бірқатар шаралар атқарылуда.
Кітаптың сарқылмас қазына екенін Тереңкөл тұрғындары жақсы сезінеді. Қазіргі уақытта аудан кітапханасында 180 мыңнан астам кітап қоры бар. Оның 40 мыңы аудан орталығында.
Зәуреш Қаббасова, Тереңкөл аудандық орталықтандырылған кітапхана басшысы
Олардың арасында аса маңызды кітаптар ол біздің жергілікті авторлардың кітаптары. Соларға арнап арнайы көрме ұйымдастырылған. Жылда біздің кітапхана жергілікті авторлардың кітаптарымен толықтырылады. Биыл ғана Әубәкір Ибраевқа арналған кітап шықты. Біздің ауданымызда бірінші секратарь болған. Соған балалары осы кітаптың тұсаукесерін өткізді.
Кітапхана жергілікті жас авторлармен де тығыз жұмыс істеп, шығармашылық байланыс орнатқан. Нәтижесі мына кітапша.
Зәуреш Қаббасова, Тереңкөл аудандық орталықтандырылған кітапхана басшысы
Олардың шығармалары бойынша біз міне мынадай кітапша шығардық. Біздің жас ақындарымыз жергілікті. Бұл былтырғы кітап. Екіншісі дайындалып жатыр. Бұндағы авторлардың бәрі біздің ауданның тұрғындары, біздің оқырмандарымыз.
Кітапханада бұдан да бөлек, әлем және қазақ әдебиетінің жауһарлары бар. Жыл сайын жаңа кітаптар жеткізіліп тұрады.