Май ауданында Малайсары батырдың 325 жылдығына арналған облыстық көкпар турнирі өтті. Оған облыстан оннан астам команда қатысты. Көкпар додасының мақсаты батыр есімін ұлықтап қана қоймай, жастарды отаншылдық, елшілдікке тәрбиелеу.

Күзгі көкпар додасы барша ат спортын сүйер қауымның басын кезекті рет қосты. Бұл елде бұндай дода дәстүрге айналған.

Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі

Көкпар облыстық жарысына жиналып отырмыз. Хош келіпсіздер! Облысымыздың жан-жағынан келген шабандоздарға рахмет айтамын! Ел азаматтардың бастамасымен, демеушілердің қолдауымен өткен жарыс сәтті өтсін! Жүйріктерге жеңіл екпен, батырларымызға жеңіс тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Даңқты қолбасшы, әйгілі батыр Малайсары тарханды еске алуға арналған сайысқа облыстың үздік 6 командасы қатысты. Әрине, бәрі де бір-бірін жақсы білетін балуандар. Бұрын да талай алаңда тартысып жүрген жігіттер.

Жанат Қаратайұлы, Май ауданы малайсары ауылдық мәдениет үйінің жастар ісі әдіскері

Елімізге қонақтардан 4 команда келді. Май елінен 2 команда шығып жатыр. Оның бірі «Малайсары батыр» командасы, екіншісі Ақшиманнан келген «Қайса ата» командасы. Ақшиман елінен келіп отқан. Ойынды әдемі өткізуге облыстан төрт команда келді. Екібастұздан «Ақкөл» құрама командасы, «Ақсу», «Кенжекөл» және «Баянауыл» командасы келіп отыр.

Доданың дәл осы Малайсары ауылында өткі тегін емес. Әуелі, батырды еске алу турнирі батырдың атындағы ауылда өтетіні түсінікті. Екіншіден, дәл осы ауылдың көпары облысқа ғана емес, елімізге танылып үлгерген.

Қайролла Аспандияр, малайсары ауылдық округінің әкімі

Көкпар ұлттық ат спорты біздің ауылымызда өте жақсы дамыған. 2000 жылдан бастап команда құрылған. Осы уақыт ішінде бірнеше ұрпақ көкпаршы тәрбиеленді. Сол кезде бастағандардың немерелері көкпар тартып жатыр. Ұрпақтар сабақтастығы негізінде жалғасып келе жатыр.

Сайысқа жалпы қоры 1 млн теңгені құрайтын демеушілер қаржысы тігілді. Балуандар қазандық маңында тағы бір күш сынасып, кең даланың көркін қыздыра түсті.