Облыстық қорғаныс істері департаментінің алаңында 45 жас жігітті әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Жас сарбаздар әскери міндеттерін Семей қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігіне қарасты бөлімде өтейді.

Салтанатты шараға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, Ауған соғысы ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары жиналды. Отан қорғаушыларға ақ жол тіледі. Биыл науқанда өңірден 664 азамат әскер қатарына қосылады деп жоспарланған. Айта кетейік жас сарбаздарға жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Қорғаныс министрлігінің бекітілген бұйрығына сәйкес 6 ай әскери борышын өтегендер қалаған қаласында бөлімге ауысып, келісіп шартқа отыра алады. Яғни, әскери қызметкер болады.

Дархан Тобагабулов, Павлодар қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы

Алты ай деп айтып жатқаным кейбір әскерге шақырушылар өзін болашақта әскпри қызметте көргісі келеді. Мысалы бүгін шақырылған азаматтар әскери борышын атқарып жүреді ғой. Сондай мүмкіншіліктер бар.

Әскер қатарына шақырылмас бұрын ел азаматтары қатаң бақылаудан өтеді. Арнайы комиссия денсаулығы мен физикалық дайындығын тексереді. Олар – ел қорғанында. Әскери бөлімде сарбаздар танк жүргізуші, барлаушы, байланыс мамандығын меңгереді.

Самат Айдарбаев, Абай облысы, Семей қаласы 30217 әскери бөлімі командирінің орынбасары

Қазіргі таңда Павлодар қаласына келіп отыр. осыдан 45 жас сарбазды өзімнің әскери бөліміне алып кетуге. Қазір біз оларды алып кеткеннен кейін әскери мамандыққа дайындаймыз. Бір айдан соң ант қабылдау рәсімі болады. Ата аналарына чаттар арқылы жеткіземіз.

Павлодар қаласының тұрғыны Бақытжан Ғазиз 19 жаста. Ол Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуді өз еркімен таңдады.

Шығарып салу рәсіміне келген сарбаздарджың туыстары азаматтарға сәт-сапар тілеп, Бұл міндетті аыроймен өтеп қайтуына ниет білдірді.

Ағайша Абулденова, Павлодар қаласының тұрғыны

Немереме ақ жол болсын. Әскерін жақсы өткізсін. Борышын орындап, бізге аман есен оралсын. Өзінен кейін екі інісі бар. Соларға жол ашып, өз еркімен аман есен келуіне жақсы болсын бәрі.

Қазір жастар өз еркімен әскерге барамын деп алдарына биік мақсат қойған. Себебі, әскери борыш- абыройлы міндет.

Әйгерім Тоқпанқызы