Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның құрметті журналисі, өңіріміздің белгілі жазушысы Юрий ПОминовтың «Незаменимые» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жаңа туындының мазмұны мен маңызы туралы келесі сюжеттен білейік.

Жазушы және журналист Юрий ПОминовпен шығармашылық кездесу өтті. Автор оқырмандарға өзінің жаңа еңбегін таныстырды. Бұл туынды ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған. Жазушының айтуынша, шығарманы Республика күні қарсаңында ұсынудың өзіндік мәні бар.

Юрий Поминов, кітап авторы, жазушы

Мен үшін ең бастысы – осы адамдардың өмір жолын, мінезін, қиындықтары мен жеңістерін шынайы көрсету болды. Оны бір жүйеге келтіру оңай болған жоқ. Алайда, олардың қолдауының арқасында бәрі сәтті шықты деп ойлаймын.

Кездесу барысында Юрий ПОминовтың Тимофей Белозёров атындағы әдеби сыйлыққа ие болғаны да белгілі болды. Марапатты жазушыға Омбы облысының алғашқы губернаторы Леонид Полежаев арнайы келіп табыстады.

Леонид Полежаев, Омбы облысының бірінші губернаторы

Бұл марапат Юрий Дмитриевичтің Павлодар өңіріндегі әдебиет пен журналистиканың дамуына қосқан зор үлесін айқын көрсетеді.

Юрий ПОминов 1953 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. 1977 жылы Алматыдағы Киров атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Еңбек жолын тілші болып бастады. 1988–2012 жылдары Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы болды. Қаламгердің оннан астам кітабы жарық көрді. Еңбектері оқырман жүрегінен орын тапқан.

Бақытжамал Максилова, Павлодар облыстық аналар кеңесінің төрағасы

Юрий Дмитриевичтің әр еңбегі – адамдар туралы, өмір туралы. Кейде біз ұмытып кететін қарапайым жандарды ол шығармалары арқылы еске салады. Оның кітаптары біздің отбасымызда бар, бәріміз бірге оқимыз.

Қазір жазушы өзінің он екінші кітабы – «Записки редактора» атты еңбегін жазып жатыр. Жаңа туынды 2022–2025 жылдар аралығындағы маңызды оқиғалармен суреттелмек.

Сабина Жолдаспаева