Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры жаңа маусымды әсерлі премьерамен ашты. Көрермен назарына «Мұғалім» атты әлеуметтік драманың тұсаукесері өтті. Қойылымыды тамашалап қайтқан тілші әңгімесінде.

Бұл спектакль – қоғамдағы ең қастерлі мамандық иесі, ұстаздың өмірі мен еңбегіне арналған. Мұғалімнің бейнесі арқылы шығармашылық еңбектің авторы Мұрат Қолғанат адалдық пен жауапкершіліктің, мейірім мен арманның құндылығын көрсетуді мақсат еткен.

Еркежан Төлеубек,Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының әртісі

Қазіргі таңда әлеуметтік драма, барлық құндылықтар қамтылған. Оқушымен ұстаздың ,бала мен ананың арасындағы қатынастардың бәрін осы спектакльден көре аласыздар. Өмірдегі басты құндылық отбасы екенін көрсетеді. Барлығына ұстазды кінәлайды ғой. Негізі ата-анаға ғана басты жылулықты бере алады.

«Мұғалім» қойылымы – бүгінгі қоғамдағы білім, тәрбие және ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жайында ой салатын ерекше туынды.Премьера көрермендерді терең сезімге бөлеп, жаңа театр маусымының жарқын бастамасы болмақ.

Дильназ Қуанышбекқызы